Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2023 жылғы «25» мамырдағы
№ 300 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2020 жылғы «8» қазандағы
№ 644 бұйрығына
14-қосымша
«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
Егер Департаментке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Департаменттің міндеттері, құқықтары мен міндеттемелері
1) реттелетін салада іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру;
2) реттелетін салада мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету;
3) Департаментке жүктелген өзге де міндеттерді өз құзыретінің шегінде жүзеге асыру.
1) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан, жеке және заңды түлғалардан реттелетін сала мәселелері бойынша ақпарат сұрату және алу;
2) жеке және заңды тұлғалар Департаменттің және Департаменттің қарамағындағы Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары берген заңды талаптарды немесе нұсқамаларды, қаулыларды орындамаған немесе тиісінше орындамаған кезде сотқа жүгіну;
3) Департаменттің қарамағындағы Комитеттің аумақтық бөлімшелеріне реттелетін сала мәселелері бойынша әдіснамалық және консультациялық көмек көрсету;
4) реттелетін саладағы мәселелер бойынша ақпавраттық-түсіндіру жұыстарын жүзеге асыру;
5) өз күзыретінің шегінде консультациялық-кеңесші және сараптама комиссияларын (жұмыс топтарып) құру;
6) бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті қалыптатыру;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды, қоспағанда, өзінің өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде алынған коммерциялық, қызметтік, өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеу;
8) реттелетін салада Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданылуына талдау жүргізу;
9) Қазақстан Рестпубликасының заңнамасында белгіленген тәртәппен басқа ұйымдардан мамандарды тексеру және сараптама жүргізуге тарту;
10) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын, мемлекеттік органдар қабылдаған актілердің күшін жою, өзгерту, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру туралы ұсыныстар енгізу;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау;
12) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
1) реттелетін салада мемлекттік саясатты іске асыру;
2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласандағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;
3) техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
4) халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақтауын радиациялық бақылауды жүзеге асыру;
5) мемлекттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалауға жататын өнімді, оның ішінде тамақ өнімін мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;
6) құзыретінің шегінде биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
7) санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті жүзеге асыру;
8) құзыретінің шегінде биологиялық қауіпсіздік саласындағы есепке алу және мониторингтеу.
9) құзыретінің шегінде биологиялық қауіпсіздік саласында профилактикалық іс-шараларды жүргізу;
10) халықтын санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін үйлестіру;
11) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы ведомстволық статистикалық бақылауларды қамтамасыз ету;
13) қалдықтардың адамға және қоршаған ортаға әсер ету дәрежесі бойынша (уыттылық дәрежесі бойынша) олардың қауіптілік сыныптарын айқындау;
14) өз құзыретінің шегінде тамақтан уланулар, инфекциялық, паразиттік, кәсіптік аурулар кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
15) реттелетін салада мемлекттік қызметтерді көрсету, үйлестіру, мониторингтеу, рұқсат беру құжаттарын беру, олардың қолданысын тоқтата тұру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес одан айыру (кері қайтару);
16) құзыреті шегінде биологиялық тәуекелдерге сыртқы бағалау жүргізу;
17) коллекциялық қызметті есепке алу және мониторингтеу үшін мәліметтер беру;
18) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсат және оған қосымша беруді жүзеге асыру;
19) денсаулық сақтау саласындағы дезигфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беруді жүзеге асыру;
20) санитарниялық-эпидемиологиялық сараптаманың және ғылыми сараптаманың нәтижелері бойынша адамның немесе болашақ ұрпақтардың денсаулығына қауіпті деп танылған биологиялық заттардың есебін жүргізу үшін мәліметтер беру;
21) инфекциялық және паразиттік ауруларға, инфекциялық аурулар қоздырғыштарының микробқа қарсы препараттарға төзімділігіне, халыққа профилактикалық екпелер жүргізуге эпидемиологиялық бақылауды жүзеге асыру;
22) аурулардан таза немесе аурулардың таралу деңгейі төмен аумақтарды (оның бір бөлігін) айқындау;
23) Қазақстан Ресбуликасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде санитариялық-каратинтиндік пункттерді құру;
24) йод тапшылығы ауруларының профилактикасы саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;
25) микронутриенттік жеткіліксіздікке байланысты инфекциялық емес аурулардың, оның ішінде йод тапшылығы және темір тапшылығы ауруларының профилактикасы саласындағы қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау;
26) медициналық қалдықтарды жинау, сақтау, тасымалдау және кәдеге жарату тәртібін реттеуді жүзеге асыру;
27) медициналық қалдықтардың айналысын бақылауды жүзеге асыру;
28) информациялық емес ауруларды эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыру;
29) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектілеріне есептік нөмірлер беру және олардың тізілімін жүргізу;
30) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерін әзірлеу;
31) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларына аттестаттаау жүргізу;
32) бекітілген мамандықтар мен мамандандырулар тізбесіне сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарына қатысты сертификаттау жүргізу;
33) жұмыскердің өз еңбек (қызметтік) міндеттерін не жұмыс берушінің мүддесінде өз бастамасы бойынша өзге де әрекеттерді орындауына байланысты жұмыскерге зиянды өндірістік факторлардың әсер етуінен болған кәсіптік аурулар және (немесе) улану жағдайларына тергеп-тексеру жүргізу, сондай-ақ есепке алуды жүргізу;
34) мыналарды:
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді;
Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
35) заңдарда, Қазақстан Респусбликасы Президентінің және Үкімінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру;
3-тарау. Департамент қызметін ұйымдастыру кезінде басшысының мәртебесі мен өкілеттіктері
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды тұлғаның құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Департаменттің және Департаменттің қарамағындағы Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды тұлғаның құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Департаменттің және Департаментттің қарамағындағы Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлерін іссапарға жіберу, еңбек демалыстарын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақы төлеу және сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;
3) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды тұлғаның құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Департаменттің және Департаменттің қарамағындағы Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің қызметкеріне тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
4) Департаменттің және Департаменттің қарамағындағы Комитеттің аумақтық бөлімшелері қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін бекітеді;
5) Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін бекітеді;
6) Департаменттің жұмыс регламентін бекітеді;
7) заңнамаға сәйкес барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Департаменттің мүддесін білдіреді;
8) заңнамаға сәйкес Департаменттің атынан заңды және жеке тұлғаларға наразылық білдіру және талап қою туралы шешім қабылдайды;
9) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бұйрықтарға қол қояды;
10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің нормаларын сақтауға бағытталған шараларды қабылдайды;
Департаменттің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін атқаруды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
4-тарау. Департаменттің мүлкі
Департаменттің мүлiк оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
5-тарау. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату
Департаменттің қарамағындағы Комитеттің аумақтық бөлiмшелерінің тізбесі:
3-1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Астана қаласы Нұра ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы.