Мемлекеттік қызметші

Мемлекеттік қызметші

 Мейірманова Ақмарал Сансызбайқызы 1989 жылы 11 сәуірде Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Шұғыла ауылында дүниеге келген.1995-2006 жылдар аралығында № 105 "Шұғыла" орта мектебінде толық орта білім алған. 2006 жылы "Астана Медицина Университеті" АҚ медициналық-профилактикалық іс факультетіне түсіп, 2012 жылы дәрігер-гигиенист, эпидемиолог біліктілігін алды.

2012-2017 жылдар аралығында Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы, 2018 жылдың қыркүйегінен бастап Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді. 2020 жылдың қаңтар айынан бастап инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімі басшысының міндетін атқарды және 2021 жылдың желтоқсан айынан бастап бүгінгі күнге дейін Астана қаласы Сарыарқа ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары лауазымында жұмыс істейді.

Өзін  тапсырмаларды орындауда  мерзімін бұзбайтын, толық есеп беретін сенімді, жауапты қызметкер ретінде көрсетті. Стресске төзімді және сыни ескертулерді сабырлы қабылдайды. Ұжымда ол әріптестерінің құрметіне және жақсы қарым-қатынасқа ие.

Алғашқы күндерден бастап коронавирустық инфекцияның әкелінуі мен таралуының алдын алу бойынша дайындық шараларына қатысты. Шиеленісті санитариялық-эпидемиологиялық жағдайда үнемі жұмыста болды, жоғары кәсібилігімен және жұмысқа деген адалдығымен ерекшеленді. Эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастырудың барлық кезеңдеріне қатысып, эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыруда консультациялық көмек көрсетті. Адамдармен жұмыс істеу дағдылары, жақсы іскерлік қарым-қатынас орнату қабілеті, қолайсыз эпидемиологиялық жағдай кезінде жергілікті атқарушы органмен, барлық бағыттар мен салалардағы ұйымдармен өзара іс-қимылды одан әрі нығайтты.

Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы (CDC) ұйымдастырған апталық, айлық тренингтер мен курстарда оқыған.

Жұмыс бойынша барлық құжаттар мемлекеттік тілде рәсімделеді.

Әр түрлі деңгейдегі алғыс хаттар мен "Халық алғысы", "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау үздігі", "Төтенше жағдай кезінде адал еңбегі үшін " төсбелгілерімен марапатталған.

        

 

 

 

Дата публикации
14 марта 2023