Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілінің функциялары ҚР ДСМ СЭБ комитеті төрағасының м. а. 2022 жылғы 9 ақпаннан бастап №26 ж/қ бұйрығымен, тиісті қаржы жылы аяқталғанға дейін департамент басшының орынбасары Г. Ж. Тағаеваға жүктелген.
Әдеп жөніндегі уәкіл өткен жылдың ішінде келесі жұмыстарды жүргізді:
2022 жыл ішінде департамент пен аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары қызметкерлерінің әлеуметтік желілердегі аккаунттарына мониторинг жүргізілді. Мониторингпен қызметкерлердің барлық аккаунттарын қамтыды. Штатта барлығы 174 қызметкер бар, нақты жұмыс 112 қызметкер, олардың әлеуметтік желілерде инстаграмда 98 аккаунты бар (оның ішінде 55 аккаунт жеке, яғни жабық) және Facebook-те 44 аккаунты бар.Тексерілген аккаунттардың ішінде, атап айтқанда инстаграмның 43 бетінде және фейсбуктің 44 бетінде қоғамға қарсы мінез-құлық және қоғамдық адамгершілікті бұзу оқиғалары анықталған жоқ. БАҚ-та, атап айтқанда «Астана шағымдары», «Не? Қайда? Қашан?», «Астана, мақтағым келеді/шағымданғым келеді», «Астана. Елорда компаниялары туралы пікірлер, шағымдар мен ұсыныстар», санэпидбақылау қызметкерлерінің қызметіне қатысты оң немесе теріс пікірлер тіркелген жоқ.
48 түсіндіру жұмыстары, оның ішінде 9 семинар сабақтары өткізілді, 39 сайтта және фейсбук парақшасында жарияланымдар орналастырылды.
Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі мен «AMANAT» партиясы қоғамдық бірлестігінің қалалық филиалы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға сәйкес азаматтық қоғам институтымен бірлескен жұмыс бойынша және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті превенция басқармасымен бірлесе отырып қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және діни радикализмнің алдын алу мақсатында семинарлар өткізілді. Өткізілген семинар сабақтарының тақырыптары: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру», «2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы», «Amanat партияларының мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл, діни радикализмнің алдын алудағы дәстүрлі исламның рөлі».
Мемлекеттік қызметке кірген аудандық басқармалардың мамандары «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңмен, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп нормалары мен мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Әдеп кодексімен танысты. Сондай-ақ, заңдарда белгіленген шектеулер мен тыйымдармен танысты.
2022 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысында Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілінің қызметі қаралды. Уәкіл «2021 жылы мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп талаптарын сақтауын мониторингілеу және бақылау бойынша атқарылған жұмыстар туралы» тақырыбында баяндама жасады.
Департаменттің интернет-ресурстарында, Әдеп жөніндегі уәкілдің жеке парақшасында 2021 жылдың қорытындысы және 2022 жылдың 1,2,3 токсандардың, 1 жартыжылдық және 9 ай қорытындысы бойынша Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметін талдау, откізілген семинарлар, Әдеп жөніндегі кеңесте есеп беру туралы жарияланымдар және Әдеп кодексі орналастырылған. Сондай-ақ мемлекеттік және орыс тілдерінде «Мемлекеттік қызметшінің іскерлік келбетін қалыптастыру» туралы ақпарат орналастырылған.
Жеке консультативтік көмек және әңгімелесу 34 маманмен өткізілді, жұмыстан босатуға өтініш берген мамандармен себептерін анықтау үшін және ұжымдағы маралдық-психологиялық ахуал туралы әңгіме жүргізілді.
Ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалды бағалау мақсатында мемлекеттік қызметшілер арасында жасырын сауалнама жүргізілді, 181 маман қатысты, сауалнамаларға талдау жүргізілді, басқарма басшыларына моральдық-психологиялық ахуалды жақсарту бойынша ұсыныстар берілді, нәтижесі ұжымдағы кеңесте қаралды.
Өткен жыл ішінде Департаменттің атына қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактісі бойынша 1 өтініш келіп түсті, жағдайға талдау жүргізілді және қорытындысы бойынша дциплинарлық жаза қолданылды.
Туындаған мүдделер қақтығысы не оның туындау мүмкіндігі туралы мемлекеттік қызметшілерден және басқа да көздерден жазбаша немесе ауызша нысанда хабарламалар түскен жоқ.