Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік қызметшілер арасындағы сыбайлас жемқорлыққа және өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтарға төзбеушілік туралы жолдауын іске асыру мақсатында, қызметкерлер (лауазымды тұлғалар) арасында сыбайлас жемқорлық пен өзге де көріністердің алдын алу және оларға жол бермеу шеңберінде 2023 жылдың 10 ақпанда ҚР ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіне (тергеу изоляторына) мамандарының баруын ұйымдастырды. Аталмыш шараға Департаменттің және оның аудандық басқармаларының 10 маманы қатысты.
Мамандар тергеу изоляторында отырған адамдарды ұстау, тамақтандыру және мекеменің ішкі тәртібінің басқа да мәселелерімен танысты.
