2022 жылдың 20.06. №183 бұйрығы
Санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізу туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 114-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ – 193/2020 «Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығын (бұдан әрі - Қағидалар) орындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1) аудандық басқармалары ұсынған ақпаратты жинауды және жүйелеуді жүргізеді, тексерулер нәтижелері бойынша өз құзыреті шегінде жүргізілген іс-шаралар бөлігінде ақпаратты толықтырады;
2) сырқаттанушылықтың пайда болуының (көрсеткіштердің көбеюі) сыртқы орта объектілерінің (өнімдер, су, ауа, топырақ) ластануымен байланысын растау мақсатында ұсынылған ақпаратқа талдау жүргізу жолымен тіршілік ету ортасы факторлары әсерлерінің себеп-салдарлы байланыстарын анықтайды;
3) осы факторлар бойынша тәуекелдерге уақтылы бағалау жүргізу және халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп-қатердің пайда болуының алдын алу мақсатында халық денсаулығының бұзылу тәуекелінің жетекші факторларын іріктеуді жүргізеді;
4) сырқаттанушылықтың артуының алдын алуға бағытталған жоспарланған іс-шараларды уақтылы дайындау және тиімділігі мақсатында тиісті аумақта сырқаттанушылық, халық денсаулығының және адамның тіршілік ету ортасының жағдайын болжауды жүзеге асырады;
5) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнаманың бұзылуын жою туралы санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау саласындағы актілерді шығару, ақпаратты мүдделі мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына (қажет болған жағдайда) жіберу, коммуникативтік жұмысты жүргізу жолымен халық денсаулығына зиянды факторлардың әсер етуінің алдын алу және оларды жою бойынша шұғыл және ұзақ мерзімді іс-шараларды айқындайды;
6) Қағидалардың 2 қосымшасына сәйкес мерзімдерде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы"» филиалы (бұдан әрі – "ҚДСҰО" ШЖҚ-дағы РМК "СЭСжМҒПО") жүргізген санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг бойынша талдауды және жиынтық ақпаратты жолдасын;
7). Департаменттің ресми интернет-ресурсына орналастыру үшін жартыжылдық, жыл қорытындылары бойынша санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг нәтижелерін ұсынуды қамтамасыз етсін.
Басшы С. Бейсенова