ҚР ДСМ СЭБК Нұр-Сұлтан қаласының СЭБД Әдеп жөніндегі уәкілінің 2022 жылдың 9 айында атқарған жұмысы туралы

БАҚ-тағы жарияланымдарға мониторинг жүргізу барысында Департамент және оның аумақтық бөлімшелерінің мамандарына қатысты оң немесе теріс материалдар анықталған жоқ.

Ағымдағы жылдың қаңтар айының басында департамент пен аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары қызметкерлерінің әлеуметтік желілердегі аккаунттарына мониторинг жүргізілді. Мониторингпен қызметкерлердің барлық аккаунттарын қамтыды. Штатта барлығы 174 қызметкер бар, олардың әлеуметтік желілерде инстаграмда 98 аккаунты бар (оның ішінде 55 аккаунт жеке, яғни жабық) және Facebook-те 44 аккаунты бар.Тексерілген аккаунттардың ішінде, атап айтқанда инстаграмның 43 бетінде және фейсбуктің 44 бетінде қоғамға қарсы мінез-құлық және қоғамдық адамгершілікті бұзу оқиғалары анықталған жоқ. БАҚ-та, атап айтқанда «Астана шағымдары», «Не? Қайда? Қашан?» санэпидбақылау қызметкерлерінің қызметіне қатысты оң немесе теріс пікірлер тіркелген жоқ.

Этикалық кодекс шеңберінде мемлекеттік қызметшілер қоғамға негізді сын келтірмеуі тиіс деп көзделген. Осыған байланысты біз әлеуметтік желідегі қызметкерлердің мінез-құлқына тоқсан сайын бақылау жүргіземіз.

30 түсіндіру жұмыстары, оның ішінде 7 семинар сабақтары өткізілді, 23 сайтта және фейсбук парақшасында жарияланымдар орналастырылды.

Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі мен "Нұр Отан "партиясы" қоғамдық бірлестігінің қалалық филиалы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға сәйкес азаматтық қоғам институтымен бірлескен жұмыс бойынша" сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру "тақырыбында семинар өткізілді. Аталған семинарға "Jas Otan" Жастар қанаты филиалы төрағасының бірінші орынбасары, "Нұр Отан" партиясы "Бірлік" филиалы басшысының бірінші орынбасары, сондай-ақ ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-сұлтан қаласы бойынша департаменті превенция басқармасының ІІБ бойынша офицері қатысты. Семинарға барлық аудандық басқармалардың басшылары мен мамандары қатысты.

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, құқықтық сауаттылық негіздерін қалыптастыруға, сондай-ақ мүдделер қақтығысының барлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыруға баса назар аударылды.

Азаматтық қоғам институтымен бірлескен жұмыс бойынша Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға сәйкес AMANAT партиясымен бірлесіп "Amanat партияларының мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл, діни радикализмнің алдын алудағы дәстүрлі исламның рөлі" тақырыбында семинар өткізілді, Сарыарқа, Алматы, Байқоңыр аудандары басқармаларының мамандары қатысты.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті превенция басқармасының ІІО офицері қатысуымен "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру" тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға департамент басшылары мен мамандары қатысты.

Сауалнама нәтижелері бойынша моральдық-психологиялық ахуалды талдау Департаменттің аппараттық Кеңесіне талқылауға шығарылды.

Этикалық кодекс бойынша жаңадан қабылданған мамандармен 3 семинар өткізілді.

Мемлекеттік қызметке тұрған аудандық басқармалардың мамандары "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңымен, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы"Әдеп кодексімен таныстырылды. Сондай-ақ заңдарда белгіленген шектеулер мен тыйымдармен танысты.

Департаменттің интернет-ресурстарында, Әдеп жөніндегі уәкілдің жеке парақшасында 2021 жылдың қорытындысы және 2022 жылдың 1,2,3 токсандардың қорытындысы бойынша Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметін талдау, откізілген семинарлар, Әдеп жөніндегі кеңесте есеп беру туралы жарияланымдар және Әдеп кодексі орналастырылған. Сондай-ақ мемлекеттік және орыс тілдерінде "Мемлекеттік қызметшінің іскерлік келбетін қалыптастыру" туралы ақпарат орналастырылған.

2022 жылдың 9 айында жеке консультативтік көмек көрсетілді. Жеке консультативтік көмек және әңгімелесу 29 маманмен өткізілді, жұмыстан босатуға өтініш берген мамандармен себептерін анықтау үшін және ұжымдағы маралдық-психологиялық ахуал туралы әңгіме жүргізілді.

Ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалды бағалау мақсатында мемлекеттік қызметшілер арасында жасырын сауалнама жүргізілді, 87 маман қатысты, сауалнамаларға талдау жүргізілді, басқарма басшыларына моральдық-психологиялық ахуалды жақсарту бойынша ұсыныстар берілді, нәтижесі ұжымдағы кеңесте қаралды.

9 ай ішінде Департаменттің атына қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактісі бойынша 1 өтініш келіп түсті, жағдайға талдау жүргізілді және қорытындысы бойынша дциплинарлық жаза қолданылды.

Туындаған мүдделер қақтығысы не оның туындау мүмкіндігі туралы мемлекеттік қызметшілерден және басқа да көздерден жазбаша немесе ауызша нысанда хабарламалар түскен жоқ.

ҚР ДСМ СЭБК Нұр-Сұлтан қаласының СЭБД Әдеп жөніндегі уәкілінің 2022 жылдың 9 айында атқарған жұмысы туралы
Дата публикации
03 октября 2022