Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілінің 2022 жылғы екінші тоқсандағы қызметі туралы есеп белгіленген нысанға сәйкес жасалды.
2022 жылдың екінші тоқсанында қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша өтініш түсткен жок.
БАҚ-тағы жарияланымдарға мониторинг жүргізу барысында Департамент және оның аумақтық бөлімшелерінің мамандарына қатысты оң немесе теріс материалдар анықталған жоқ.
Ағымдағы жылдың қаңтар айының басында департамент пен аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары қызметкерлерінің әлеуметтік желілердегі аккаунттарына мониторинг жүргізілді. Мониторингпен қызметкерлердің барлық аккаунттарын қамтыды. Штатта барлығы 142 қызметкер бар, олардың әлеуметтік желілерде инстаграмда 98 аккаунты бар (оның ішінде 55 аккаунт жеке, яғни жабық) және Facebook-те 44 аккаунты бар.
Тексерілген аккаунттардың ішінде, атап айтқанда инстаграмның 43 бетінде және фейсбуктің 44 бетінде қоғамға қарсы мінез-құлық және қоғамдық адамгершілікті бұзу оқиғалары анықталған жоқ.
БАҚ-та, атап айтқанда «Астана шағымдары», «Не? Қайда? Қашан?» санэпидбақылау қызметкерлерінің қызметіне қатысты оң немесе теріс пікірлер тіркелген жоқ.
Этикалық кодекс шеңберінде мемлекеттік қызметшілер қоғамға негізді сын келтірмеуі тиіс деп көзделген. Осыған байланысты біз әлеуметтік желідегі қызметкерлердің мінез-құлқына тоқсан сайын бақылау жүргіземіз.
12 түсіндіру жұмыстары, оның ішінде 3 семинар сабақтары өткізілді, 9 фейсбук парақшасында жарияланымдар орналастырылды.
Азаматтық қоғам институтымен бірлескен жұмыс бойынша Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға сәйкес AMANAT партиясымен бірлесіп "Amanat партияларының мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл, діни радикализмнің алдын алудағы дәстүрлі исламның рөлі" тақырыбында семинар өткізілді, Сарыарқа, Алматы, Байқоңыр аудандары басқармаларының мамандары қатысты.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті превенция басқармасының ІІО офицері қатысуымен "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру" тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға департамент басшылары мен мамандары қатысты.
Барлық жаңадан қабылданған мамандар этикалық Кодекспен таныстырылды.
Өткізілген семинарлар туралы ақпарат Әдеп жөніндегі уәкілдің жеке парақшасында орналастырылған.
Департаменттің интернет-ресурстарында, Әдеп жөніндегі уәкілдің жеке парақшасында 2022 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметін талдау туралы жарияланым, мемлекеттік және орыс тілдерінде "Мемлекеттік қызметшінің іскерлік келбетін қалыптастыру" туралы ақпарат орналастырылған. Сондай-ақ, өткен семинарлар туралы ақпарат және т.б. материалдар орналастырылды.
2022 жылдың екінші тоқсанында жеке консультативтік көмек көрсетілді. Жеке консультативтік көмек және әңгімелесу санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының 12 маманымен өткізілді, жұмыстан босатуға өтініш берген мамандармен себептерін анықтау үшін және ұжымдағы маралдық-психологиялық ахуал туралы әңгіме жүргізілді, жаңадан қабылданған мамандармен Әдеп кодексінде әңгіме және танысу жүргізілді.
Ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалды бағалау мақсатында мемлекеттік қызметшілер арасында жасырын сауалнама жүргізілді, 87 маман қатысты.