Нұр-Сұлтан қаласының СЭБД Әдеп жөніндегі уәкілінің 2022 жылдың 3 тоқсанында атқарған жұмысы туралы

2022 жылдың үшінші тоқсанында қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша  өтініш түсткен жок.

            БАҚ-тағы жарияланымдарға мониторинг жүргізу барысында Департамент және оның аумақтық бөлімшелерінің мамандарына қатысты оң немесе теріс материалдар анықталған жоқ. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында департамент пен аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары қызметкерлерінің әлеуметтік желілердегі аккаунттарына мониторинг жүргізілді. Мониторингпен қызметкерлердің барлық аккаунттарын қамтыды. Штатта барлығы 174 қызметкер, нақты жұмыс 111 кісі бар, олардың әлеуметтік желілерде инстаграмда 98 аккаунты бар (оның ішінде 55 аккаунт жеке, яғни жабық) және Facebook-те 44 аккаунты бар. Тексерілген аккаунттардың ішінде, атап айтқанда инстаграмның 43 бетінде және фейсбуктің 44 бетінде қоғамға қарсы мінез-құлық және қоғамдық адамгершілікті бұзу оқиғалары анықталған жоқ. БАҚ-та, атап айтқанда «Астана шағымдары», «Не? Қайда? Қашан?» санэпидбақылау қызметкерлерінің қызметіне қатысты оң немесе теріс пікірлер тіркелген жоқ.

13 түсіндіру жұмыстары жүргізілді, оның ішінде 2 семинар сабақтары өткізілді, 11 фейсбук парақшасында жарияланымдар орналастырылды.

            Сауалнама нәтижелері бойынша моральдық-психологиялық ахуалға талдау департаменттің жедел отырысында талқылауға ұсынылды.            Әдеп кодексі бойынша жаңадан қабылданған мамандармен семинар өткізілді.

Өткізілген семинарлар туралы ақпарат Әдеп жөніндегі уәкілдің жеке парақшасында орналастырылған.

Департаменттің интернет-ресурстарында, Әдеп жөніндегі уәкілдің жеке парақшасында 2022 жылдың 2 тоқсанының және 1 жартыжылдың қорытындысы бойынша Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметін талдау туралы жарияланым, мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырылды. Сондай-ақ, өткен семинарлар туралы ақпарат және т.б. материалдар орналастырылды.

2022 жылдың үшінші тоқсанында жеке консультативтік көмек көрсетілді. Жеке консультативтік көмек және әңгімелесу санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының 12 маманымен өткізілді, жұмыстан босатуға өтініш берген мамандармен себептерін анықтау үшін және ұжымдағы маралдық-психологиялық ахуал туралы әңгіме жүргізілді, жаңадан қабылданған мамандармен Әдеп кодексінде әңгіме және танысу жүргізілді.

Нұр-Сұлтан қаласының СЭБД Әдеп жөніндегі уәкілінің 2022 жылдың 3 тоқсанында атқарған жұмысы туралы
Дата публикации
11 октября 2022