Ағымдағы жылғы 26 қыркүйекте Астана қаласы Алматы ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау Басқармасында 11 маманның қатысуымен «Адам денсаулығына және өмір сүру ортасына әсер ететін объектілердің санитарлық-қорғау аймақтарына қойылатын «санитарлық-эпидемиологиялық талаптар санитариялық қағидаларын бекіту туралы» тақырыбында семинар өткізілді. Семинар барысында баяндамашы СҚБ бөлімінің басшысының м.а. С. Кулимбаев объектілердің СҚА орнату бойынша жобалық құжаттамаға қойылатын негізгі талаптармен, СҚА қауіптілік сыныптарына сәйкес санитарлық ережелермен, бұйрықтармен, гигиеналық нормативтермен, СҚА бойынша негізгі ұғымдармен таныстырды.