"Кеден Одағының Техникалық регламенттері" тақырыбында семинар өтті

      Ағымдағы жылдың 27-і қыркүйек күні Астана қаласы Алматы ауданының санитариялық-эпидемиологиялық  бақылау  Басқармасы техникалық регламенттер талаптарын бақылау бөлімі "Кеден Одағының Техникалық регламенттері" тақырыбында семинар өткізді. Семинар барысында тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі, өнімдердің сәйкестігін растайтын құжаттардың талаптары бойынша өзекті мәселелер қарастырылды. Аталмыш семинарға Басқарманың 15  маманы қатысты.

Жалпы саны 47 Техникалық  Регламенттер бойынша таныс болды. Соңғы техникалық  регламент «Алкоголь өнімдерінің қауіпсіздігі туралы»  2022 ж  9 қаңтарда күшіне енді. Қазіргі таңда, тағам өнімдері бойынша 11 техникалық регламент бар. Тағамдық емес өнімдердің қауіпсіздігі туралы техникалық регламенттер саны 9.

Сонымен қатар, Бірыңғай санитарлық - эпидемиолгиялық және  тауарлардың гигиеналық талаптары (ЕСЭГТ) бойынша 25.05.2010ж  №299 Қаулысы бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Айта кетейік, сәйкестік сертификаттары және декларациялар міндетті құжаттар болып табылады және заңды күші бар. Сертификат және декларацияның айырмашылығы жоқ. ҚР өнімдер міндетті түрде сертификациялануы қажет немесе декларация алу керек.

 

 

 

"Кеден Одағының Техникалық регламенттері" тақырыбында семинар өтті
Дата публикации
27 сентября 2022