Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша кеңес өткізілді

2022 жылғы 15 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласының Сарыарқа ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшылығымен ағымдағы жылдың 8 айында жүргізілген тексерулер мен көрсетілген мемлекеттік қызметтерді талдау қорытындысы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша мамандармен кеңес өткізілді. Кеңес барысында қадағалау және бақылау функцияларын жүзеге асыру, оның ішінде рұқсат беру құжаттарын беру кезіндегі проблемалық мәселелер мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдері талқыланды. Мамандарға, оның ішінде жаңадан жұмысқа қабылданғандарға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу саласындағы нормативтік-құқықтық актілер және оларды міндетті сақтау қажет екені түсіндірілді.

 

 

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша кеңес өткізілді
Дата публикации
15 сентября 2022