2022 жылдың 1 жартыжылдығында қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу бойынша жасырын сауалнамаға талдау
«Әдеп жөніндегі уәкілдер қызметінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігі Төрағасының м.а. 2017 жылғы 4 тамыздағы № 156 бұйрығын (Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 814 Жарлығымен өзгерту енгізілген) орындау мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен департаменттің аумақтық басқармаларының мемлекеттік қызметшілері жасырын сауалнама жүргізілді.
2022 жылғы 13 шілдеде сауалнама барысында 87 респондент қатысты, мамандарды қамту 74% - ды құрады (штат бойынша 174 ставка, сауалнама жүргізу кезінде нақты жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілер 114, сауалнама жүргізу кезінде еңбек демалысында және еңбекке жарамсыздық парақтарында 27 маман болған).
Жүргізілген талдау негізінде басқарма басшыларына ұсынымдар берілді:
- Басқарма басшысы қызметтік ұжымда жағымды эмоционалды-адамгершілік күйде, қызметкерлердің жоғары моральдық рухында, олардың адамгершілік құндылықтарға қатынасы мен қызметтік міндеттерді орындауға уәждемелік дайындық дәрежесінде көрінетін қолайлы моральдық-психологиялық климатты ұстауы қажет;
- Өзара көмек пен құрметпен үйлесімде адалдық пен принципшілдікке негізделген өзара қарым-қатынастарды дамыту;
- Қызметтік тәртіп пен заңдылықты бұзуға өзара талап қою және төзбеушілік жағдайын қолдау.
- Лауазымдық міндеттері шеңберінде құрылымдық бөлімшелерде жүктемені тең бөлу жөнінде шаралар қабылдасын.