Анализ за 1 квартал 2022 года

2022 жылдың 1 тоқсанындағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы

саласындағы мемлекеттік қызмет көрсетуді талдау

          2022 жылдың 1 тоқсанында Департаментпен және оның аумақтық Басқармаларымен 351 мемлекеттік қызмет көрсетілді, 140 – рұқсат ету құжаттары, 211 – дәлелді бас тарту берілді.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz. веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес департамент пен оның аумақтық бөлімшелерімен 4 мемлекеттік қызмет көрсетіледі, атап айтқанда:

  1. Эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру – 306 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 124 - сі берілді, 182-сына дәлелді бас тартылды.
  2. Қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының, шикізат пен өнімнің жаңа түрлерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру – 25 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде: 7-не берілді, 18-не дәлелді бас тартылды.
  3. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектілеріне есепке алу нөмірлерін беру - 0, дәлелді бас тартылды - 0.
  4. Патогендіктің I-IV топтарындағы микроорганизмдермен және гельминттермен жұмыс істеуге рұқсат беру – 20 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 9 -на берілді, 11-не дәлелді бас тартылды.

2022 жылдың 1 тоқсанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда азайды, 2021 жылы 489мемлекеттік қызмет көсетілді (берілгені- 371, дәлелді бас тартылғаны 118).

2022 жылдың 1 тоқсанында 211 дәлелді бас тарту келесі себептер бойынша берілді:

- эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру бойынша құжаттардың толық пакетін ұсынбау;

- объектілерді тексеру нәтижелері бойынша санитариялық ережелер талаптарының бұзылғаны анықталды;

- эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін қажетті зертханалық-аспаптық зерттеулер хаттамалары ұсынылмаған;

- қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру үшін СҚА жобасына қойылатын талаптарға сәйкес материалдар енгізілмеген;

- жобалар санитариялық-эпидемиологиялық сараптамаға жатпайды, оған санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру талап етілмейді;

- қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру бойынша құжаттардың толық пакетін ұсынбау.

      Департаменттің және оның аумақтық бөлімшелерінің атына көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына шағымдар келіп түскен жоқ.

      Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуының алдын алу мақсатында Департаментпен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында көрсетілген мемлекеттік қызметтердің күнделікті және ай сайынғы мониторинг жүзеге асырылады.

      2022 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуы анықталған жоқ.

      Есепті мерзімде Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді сапалы және уақытында көрсету мақсатында аумақтық басқармаларының мамандарын үшін ЗУМ форматта «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» тақырыбына семинар өткізді.

Дата публикации
06 апреля 2022