Әдеп жөніндегі уәкілінің 2022 жылдың 1 тоқсанында атқарған жұмысы туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Нұр-Сұлтан қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілінің 2022 жылдың 1 тоқсанында атқарған жұмысы туралы

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Нұр-сұлтан қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілінің функциялары ҚР ДСМ СЭБ комитеті төрағасының м. а. 2022 жылғы 9 ақпаннан бастап №26 ж/қ бұйрығымен департамент басшының орынбасары Г. Ж. Тағаеваға жүктелген.

Әдеп жөніндегі уәкіл қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметін, сондай-ақ өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация беруді жүзеге асырды.

Департаментте және аудандық Басқармаларда стендтерде әдеп кодексі және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің және Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілдерінің фотосуреттері мен телефон нөмірлері бар деректері орналастырылған. 

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің Әдеп жөніндегі уәкілінің 2022 жылға арналған жұмыс жоспары жасалды және Департамент басшысының бұйрығымен бекітілді.

Департаменттің «Фейсбук» парақшасында Әдеп жөніндегі уәкілдің жеке парақшасы ашылды, онда жүргізілген жұмыс туралы есептер мен ақпараттар орналастырылды.

2022 жылдың ақпан айында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысында Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілінің қызметі қаралды. Әдеп жөніндегі уәкіл кеңес отырысында "Мемлекеттік қызметшілердің 2021 жылы қызметтік әдеп талаптарын сақтауын мониторинг және бақылау бойынша атқарылған жұмыстар туралы" тақырыбында баяндама жасады.

Жеке консультативтік көмек және әңгімелесу санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының 5 маманымен өткізілді, жұмыстан босатуға өтініш берген мамандармен себептерін анықтау үшін және ұжымдағы маралдық-психологиялық ахуал туралы әңгіме жүргізілді, жаңадан қабылданған мамандармен Әдеп кодексінде әңгіме және танысу жүргізілді.

2022 жылдың бірінші тоқсанында қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша 1 өтініш түсті. Аталған өтініш бойынша әңгімелесу жүргізілді, Департамент басшысының бұйрығымен сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданылды.

Туындаған мүдделер қақтығысы не оның туындау мүмкіндігі туралы мемлекеттік қызметшілерден және басқа да мәлімет көздерінен жазбаша немесе ауызша түрде хабарламалар түскен жоқ.

БАҚ-тағы жарияланымдарға мониторинг жүргізу барысында Департамент және оның аумақтық бөлімшелерінің мамандарына қатысты оң немесе теріс материалдар анықталған жоқ.

Ағымдағы жылдың қаңтар айының басында департамент пен аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары қызметкерлерінің әлеуметтік желілердегі аккаунттарына мониторинг жүргізілді. Мониторингпен қызметкерлердің барлық аккаунттарын қамтыды. Штатта барлығы 142 қызметкер бар, олардың әлеуметтік желілерде инстаграмда 98 аккаунты бар (оның ішінде 55 аккаунт жеке, яғни жабық) және Facebook-те 44 аккаунты бар.

Тексерілген аккаунттардың ішінде, атап айтқанда инстаграмның 43 парақшасында және фейсбуктің 44 парақшасында қоғамға қарсы мінез-құлық және қоғамдық адамгершілікті бұзу оқиғалары анықталған жоқ.

БАҚ-та, атап айтқанда «Жалобы Астана», «Что? Где? Когда?» санэпидбақылау қызметкерлерінің қызметіне қатысты оң немесе теріс пікірлер тіркелген жоқ.

Этикалық кодекс шеңберінде мемлекеттік қызметшілер қоғамға негізді сын келтірмеуі тиіс деп көзделген. Осыған байланысты біз әлеуметтік желідегі қызметкерлердің мінез-құлқына бақылау жүргіземіз.

Тоқсан ішінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша 5 түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі мен "Нұр Отан "партиясы" қоғамдық бірлестігінің қалалық филиалы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға сәйкес азаматтық қоғам институтымен бірлескен жұмыс бойынша "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру " тақырыбында семинар өткізілді. Аталған семинарға "Jas Otan" Жастар қанаты филиалы төрағасының бірінші орынбасары, "Нұр Отан" партиясы "Бірлік" филиалы басшысының бірінші орынбасары, сондай-ақ ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-сұлтан қаласы бойынша департаменті превенция басқармасының ІІБ бойынша офицері қатысты. Семинарға барлық аудандық басқармалардың басшылары мен мамандары қатысты.

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, құқықтық сауаттылық негіздерін қалыптастыруға, сондай-ақ мүдделер қақтығысының барлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыруға баса назар аударылды.

Барлық жаңадан қабылданған мамандар этикалық Кодекспен таныстырылды.

Өткізілген семинарлар туралы ақпарат Әдеп жөніндегі уәкілдің жеке парақшасында орналастырылған.

Мемлекеттік қызметке тұрған аудандық басқармалардың мамандары "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңымен, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Әдеп кодексімен таныстырылды. Сондай-ақ, заңдарда белгіленген шектеулер мен тыйымдармен танысты.

 

Әдеп жөніндегі уәкілінің 2022 жылдың 1 тоқсанында атқарған жұмысы туралы
Дата публикации
14 апреля 2022