"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау" тақырыбында онлайн-семинар өтті

Ағымдағы жылғы 6 маусымда Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен олардың көріністерінің профилактикасы және алдын алу мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ұйымдастыруымен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті превенция басқармасының бас маманы Айгерім Аңсағановамен  қоса аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандары арасында "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау" тақырыбында онлайн-семинар өткізілді.

Семинар барысында мамандар сыбайлас жемқорлық қылмыстары және мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларын қылмыстық жауапкершілікке тарту фактілері бойынша материалдармен танысты.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру бойынша пәрменді шаралар қабылдау қажеттігі туралы атап өтілді. Бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.

 

 

 

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау" тақырыбында онлайн-семинар өтті
Дата публикации
06 июня 2022