Байқоңыр ауданы СЭББ басшысымен онлайн-дәріс өткізілді

26 мамырда Департаментпен "Санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтары бойынша нормативтік құжаттама нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру тәртібі" тақырыбында онлайн-дәріс ұйымдастырылды.

Онлайн-дәрістің спикері болып Байқоңыр ауданы СЭББ басшысы Шоқан Абайұлы сөз сөйледі.

Онлайн-дәріс Фейсбук парақшасында тікелей эфирде өтті, оған  4 ауданның СЭББ бойынша қызметкерлері, Департамент мамандары және елорда тұрғындары қатысты.

Айта кетейік, онлайн-дәріс "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету" тақырыбы аясында ұйымдастырылды.

https://fb.watch/dfabS4TrGS/

Байқоңыр ауданы СЭББ басшысымен онлайн-дәріс өткізілді
Дата публикации
26 мая 2022