Сарыарқа ауданы СЭББ басшысының орынбасарымен онлайн-дәріс өткізілді

27 сәуірде Департаментпен "Эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру тәртібі" тақырыбында онлайн-дәріс ұйымдастырылды.

Онлайн-дәрістің спикері болып Сарыарқа ауданы СЭББ басшысының орынбасары Ақмарал Мейірманова сөз сөйледі.

Онлайн-дәріс Фейсбук парақшасында тікелей эфирде өтті, оған  4 ауданның СЭББ бойынша қызметкерлері, Департамент мамандары және елорда тұрғындары қатысты.

Айта кетейік, онлайн-дәріс "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету" тақырыбы аясында ұйымдастырылды.

 

https://www.facebook.com/Sebdnursultan/videos/521138652847874 

Дата публикации
27 апреля 2022