ҚР Төтенше жағдай кезінде тыйым салынған қызмет түрлерінің кезең-кезеңімен қысқаруына байланысты Нұр-сұлтан қаласы аумағында COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар туралы Қаулы
02 мамыр 2020 жыл Нұр-Сұлтан қаласы
Мен, Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері С.Бейсенова «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 21-бабының 13-тармағының 4-тармақшасына және 148-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығына,Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның ағымдағы жылғы 27 сәуірдегі хаттамасына, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау жөніндегі жедел штабтың 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 10 шешіміне, Нұр-Сұлтан қаласының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің (бұдан әрі - Департамент) Ережесіне сәйкес, сондай-ақ коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
- жалпы ауданы 500 м2 дейін азық-түлік емес дүкендер жұмыс кестесі сағат 17: 00 дейін (барлық бағыттар);
- шаштараздар, тігін ательелері, аяқ киім шеберханалары (алдын ала жазылу бойынша, залда 3 клиенттен көп емес, үй-жайларды күнделікті өңдеумен);
- жеке сот орындаушылары (алдын ала жазылу бойынша));
- адвокаттар (алдын ала жазылу бойынша);
- медициналық орталықтар (алдын ала жазылу бойынша);
- стоматологиялық клиникалар (алдын ала жазылу бойынша);
- жарнамалық агенттіктер (алдын ала жазылу бойынша);
- ақпараттық-коммуналдық технологиялар компаниялары және төлем терминалдарына қызмет көрсету;
- фотосалондар мен гүл дүкендері;
- клинингтік компаниялар;
- көшедегі спорттық сабақтар мен жаттығулар;
- ұялы телефондарды жөндеу және аксессуарларды сату, кілттерді, сағаттарды, құлыптарды және т. б. жөндеу және дайындау.
3.1. осы қаулының қосымшасына сәйкес тиісті объектілерге арналған санитариялық қағидалар мен алгоритмдерді сақтау;
3.2. дезинфекциялау және жуу құралдарының азаймайтын қорының болуы;
3.3. барлық үй-жайларды және жалпы пайдаланылатын заттарды ластануына байланысты тәулігіне кемінде екі рет дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып ылғалды жинау;
3.4. объектілерге тек дұрыс киінген медициналық бетперде киген адамдарды, сондай-ақ келушілердің арасында кемінде екі метр әлеуметтік қашықтықты қамтамасыз ететіндей көлемде кіргізу;
3.5. дене температурасы жоғары адамдарды жұмысқа жібермеу, қызметкерлердің күніне кемінде 2 рет термометриясын өткізу;
3.6. персонал мен келушілердің қолдарын өңдеу үшін тері антисептигі бар санитайзерлерді жеткілікті мөлшерде және пайдалануға жарамды орындарда орнату;
3.7. жалпы пайдалану орындарында еден жабынында келушілер арасындағы әлеуметтік қашықтықты сақтауға мүмкіндік беретін көрсеткіштер орнату.
3.8. бұйрықпен санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтауға жауапты адам белгіленсін.
8.Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінің Ішкі саясат басқармасының басшысы (Т.А.Рахманберді) Осы қаулыны барлық мүдделі ведомстволардың назарына жеткізсін, халықты БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы хабардар ету.
Нұр-Сұлтан қаласының Бас
Мемлекеттік санитарлық басшысы С. Бейсенова