"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру" тақырыбында семинар өтті

Ағымдағы жылғы  17 наурызда Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен олардың көріністерінің профилактикасы және алдын алу мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, "Аманат" партиясының "Бірлік" филиалы мен "Jas Otan"Жастар қанаты өкілдерімен қоса  аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандары арасында  "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру"тақырыбында семинар өткізілді.

 Семинар барысында мамандар сыбайлас жемқорлық қылмыстары және мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларын қылмыстық жауапкершілікке тарту фактілері бойынша материалдармен танысты.

 Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру бойынша пәрменді шаралар қабылдау қажеттігі туралы атап өтілді. Бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.

 ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің қызметкері А. Е. Кенебаева мен "Аманат" партиясы "Бірлік" филиалының өкілдері Ш. Ш. Кожахметов пен "Аманат" партиясы "Jas Otan" Жастар қанатының өкілдері А. Т. Мағзұм аудандық басқарма мамандарының сұрақтарына жауап беріп, мемлекеттік қызметкерлер мен қызметкерлердің квазимемлекеттік сектор субъектілері сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға жәрдемдесуге, сондай-ақ оның профилактикасы бойынша жұмысты тұрақты негізде жүргізуге тиіс.

 

Дата публикации
17 марта 2022