Нұр-Сұлтан қаласының аумағында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі іс-шаралар туралы ҚАУЛЫ
2020 жыл 29 сәуір Нұр-Сұлтан қаласы
Мен, қаланың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері С.С.Бейсенова «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 21-бабының 13-тармағының 4-тармақшасына және 148-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның ағымдағы жылғы 27 сәуірдегі хаттамасына, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша коронавирустық коронавирустық инфекция мен сырқаттанушылыққа сай ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
- сақтандыру компаниялары;
- жалпы ауданы 2000 м2 кем емес тұрмыстық электр техникасын сататын дүкендер және оларды жөндеу жөніндегі сервистік орталықтар;
- риэлтерлік компаниялар, агенттіктер, жылжымайтын мүлікті бағалау бойынша Консалтингтік қызметтер;
-гүл дүкендерінен басқа, көшеттерді, тұқымдарды сататын зоо магазиндер мен дүкендер.
4.1. берілген алгоритиммен қарастылган, 2020 жылғы 27 сәуірде сағат 00: 00-ден бастап санитарлық-эпидемиологиялық көзделген талаптарды міндетті түрде сақтай отырып саяжай учаскілеріне шығуға рұқсат етілсін;
4.2. берілген алгоритиммен қарастылган, міндетті санитарлық нормалар мен қашықтықты сақтай отырып елорда тұрғындарына аулаларда және балалар алаңдарында сағат 06:00 бастап 20: 00 - ге дейі серуендеуге рұқсат етілсін;
4.3. егде жастағы және созылмалы аурулармен ауыратын адамдарға далаға шығудан мүмкіндігінше бас тарту қажет;
4.4. осы қаулының 1-тармағында көрсетілген объектілерге бару кезінде және аулаларда және балалар алаңдарында серуендеу кезінде жеке қорғану құралдары болуы тиіс (маскалар, қолғаптар, антисептиктер).
6.1. жоғарыда аталған және қосымшада көрсетілген рұқсат етілген қызмет түрлерінің ұйымдары мен кәсіпорындары қызметкерлерінің, сондай-ақ Нұр-сұлтан қаласының карантиндік аймағының аумағында рұқсат етілген қызмет түрлерін алу үшін тұрғындардың еркін қозғалысын қамтамасыз ету жөнінде қажетті шараларды қабылдау;
6.2. міндетті түрде карантиндік шараларды (жеке қорғаныш құралдарын (маскалар, қолғаптар, антисептиктер) алып жүру) және қашықтықты сақтайтын сағат 06: 00-ден 20:00-ге дейін қала тұрғындарының аулаларда және үй жанындағы балалар алаңдарында серуендеуіне кедергі жасамау.
Нұр-Сұлтан қаласының Бас
мемлекеттік санитарлық дәрігері С. Бейсенова