Нұр-сұлтан қаласы аумағында коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар туралы Қаулы
2020 жыл 20 сәуір Нұр- Сұлтан қаласы
Мен, Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері С.С.Бейсенова "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 21-бабының 13-тармағының 4 – тармақшасына және 148-бабының 1 - тармағына, "Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы"Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығына, Нұр-сұлтан қаласы бойынша құрановирустық инфекцияның таралуын болдырмау жөніндегі жедел штабтың 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 8 шешіміне (бұдан әрі-жедел штаб шешімі), Нұр-Сұлтан қаласы бойынша карантин аумағында инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
- Ұйымдардың қызметін тоқтата тұру және адамдардың, жеке және қоғамдық көліктің қозғалысын тоқтата тұру жөніндегі шектеу және карантиндік шаралардың қолданылу мерзімі карантин мен төтенше жағдайдың қолданылу кезеңіне ұзартылсын.
- 2. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің басшылары төменде көрсетілген рұқсат етілген қызмет түрлерінің жедел штаб шешімімен бекітілген алгоритмдердің және осы қызмет түрлеріне тиісті санитарлық ережелердің орындалуын ұйымдастыруға қажетті шаралар қабылдансын:
1) өнеркәсіптік кәсіпорындар;
2) құрылыс компаниялары (жобалау-іздестіру жұмыстары, құрылыс саласындағы сараптама, стандарттау, сертификаттау, авторлық және техникалық қадағалау, құрылыс материалдарын өндіру және тасымалдау, оның ішінде жол салу және жөндеу);
3) санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды күшейте отырып, жалпы ауданы кемінде 2000 м2 ірі құрылыс дүкендері;
4) көлік, қоймалау салаларындағы компаниялар, ауыл шаруашылығы мақсатындағы сервистік компаниялар;
5) автосалондар, автобөлшектер дүкендері және техникалық қызмет көрсету (вулканизация, автожуу станциялары);
6) химиялық тазалау, кір жуу орындары;
7) ұйымдастыру техникасын жөндеу.
- Елорда тұрғындарына осы қаулының 2-тармағында көрсетілген объектілерге тек жеке қорғау құралдарында (маскалар, қолғаптар, антисептиктер) және келушілер арасындағы қашықтықты кемінде екі метр сақтай отырып баруға.
- Көлікпен жүру шектеулері, көктемгі егіс жұмыстарын, табиғатты қорғау, ветеринарлық, ауыл шаруашылығы іс-шараларын, оның ішінде омарта шаруашылығын жүргізуге тартылған тұлғалардың көліктерін қоспағанда, Нұр-Сұлтан қаласы ішінде жеке көліктің орнын ауыстыруды мемлекеттік тіркеуді растайтын куәлікті (шаруа қожалығы, фермер қожалығы, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші, кредиттік серіктестік және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын), жеке куәлігін, сондай-ақ қызметкерлер үшін жұмыс орнынан анықтаманы (мөрмен расталған еркін үлгідегі анықтама) ұсынған кезде шектеу.
- Қаржы нарығының субъектілеріне карантиннің және төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде:
- келушілердің арасындағы әлеуметтік қашықтықты ескере отырып, 2 метрден кем емес қашықтықта қызмет көрсету;
- персоналдың тек жеке қорғау құралдарында жұмыс атқаруы (маскалар, қолғаптар);
- келушілерге тек медициналық бетперделермен кіруі;
- санитарлық-дезинфекциялық режимді және дезинфекциялау және жуу құралдарының азаймайтын қорының болуын күшейту.
- Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының басшылары мейрамханалардың, кафелердің жұмыс уақытын сағат 22:00-ге дейін ұзартуға байланысты онлайн-тапсырыс қабылдау және курьерлермен тамақ жеткізу бойынша іс-шараларды күшейтсін, санитарлық-дезинфекциялық режимді күшейту бойынша санитарлық ережелер мен талаптарды сақтау бойынша іс-шараларды күшейтсін.
- 7. Алматы (А. Сәрсембаев), Байқоңыр (Н. Нұрсағатов), Есіл (Б. Жәкенов), Сарыарқа (Е. Егембердиев) аудандарының әкімдеріне"Нұр-сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі басқармасы" (Е.Ө. Бекмурзаевқа) осы қаулының кәсіпорындар мен ұйымдардың санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды, шектеу және карантиндік шараларды және осы объектілерге алгоритмдердің талаптарын сақтауы бөлігінде орындалуын бақылауды қамтамасыз етсін.
- "Нұр-сұлтан қаласының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі (А.Т.Рахманберді) бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде инфекция ошақтарын оқшаулауды және оның елорда тұрғындары арасында таралу қаупін барынша азайтуды қамтамасыз етуге бағытталған шектеу және әлеуметтік оқшаулау жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы ақпараттық сүйемелдеу жүргізсін.
- Департаменттің аумақтық басқармаларының басшылары:
1) осы қаулының 2 және 4-тармақтарына сәйкес Қаулыдада көрсетілген объектілердің басшыларын хабардар ету және оның мүлтіксіз орындау қажеттігі туралы хабарлау;
2) осы қаулының орындалуының күнделікті мониторингін жүргізу;
3) мониторинг қорытындыларын Департаментке күнделікті ұсыну.
- Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
- Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Нұр-Сұлтан қаласының Бас
мемлекеттік санитарлық дәрігері С. Бейсенова