Нұр-Сұлтан қаласы аумағында карантин режиміненгізу туралы ҚАУЛЫ
21наурыз 2020 жыл Нұр-Сұлтан қаласы
Мен, Нұр-Сұлтанқаласының Бас мемлекеттіксанитарлықдәрігері А. Қ. Шағалтаева, Нұр-Сұлтанқаласыныңтұрғындарыарасындакоронавирустық инфекция (COVID-19) жағдайларыныңтіркелуінежәнеоныңхалықарасындатаралуынабайланысты,инфекция ошақтарыноқшаулаужәнежоюмақсатында,ҚазақстанРеспубликасының2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V «Азаматтыққорғаутуралы»Заңынасәйкес,ҚазақстанРеспубликасыныңПрезидентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 «ҚазақстанРеспубликасындатөтеншежағдайдыенгізутуралы» Жарлығы,ҚазақстанРеспубликасыПрезидентініңжанындағытөтеншежағдайрежимінқамтамасызетужөніндегімемлекеттіккомиссияның 2020 жылғы 17 наурыздағы № 2 шешімінегізінде
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1.Нұр-Сұлтанқаласыныңаумағындашаруашылықжәнеөзге де қызмет пен халықтыңөмірсүруініңерекшежағдайларықарастырылған карантин режиміенгізілсін.
1)ҚазақстанРеспубликасыПрезидентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 ЖарлығынажәнеҚазақстанРеспубликасындатөтеншежағдайрежимінқамтамасызетужөніндегіМемлекеттіккомиссияның 2020 жылғы 17 наурыздағы № 2 шешімінесәйкестөтеншежағдайрежимініңсақталуықамтамасызетілсін;
2)Нұр-Сұлтан қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің (бұдан әрі-Департамент) рұқсатынсыз қаладан тыс жерлерге шықпауы қамтамасыз етілсін;
3) Жаяу және көлікпен қала бойынша жүру барынша шектелсін;
4) Сауда және дәріхана ұйымдарына барғанда және қоғамдық көлікті пайдаланған кезде, сондай-ақ жұмыс орындарында,адамдар бір-бірінен кемінде 2 метр қашықтықты сақтауға міндетті.
1) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі жедел штаб шешімдерін орындау қамтамасыз етілсін;
2) 2020 жылғы 21 наурыздың сағат 00.00- ден бастап Қазақстан Республикасының басқа өңірлерінің аумағына COVID-19 таралуына және қаладағы эпидемиологиялық жағдайдың асқынуына жол бермеу мақсатында адамдардың Нұр-Сұлтан қаласына/қаладан шығуына-шығуына тыйым салынсын;
3) блок-бекеттер жанында COVID-19 күдікті адамдарды уақытша оқшаулауға арналған және кейіннен үй-жайды дезинфекциялық өңдеуі мүмкіндігі қарастырылған үй-жайды ұйымдастыру;
4) COVID-19 жұқтырудан шектеу іс-шараларын жүргізуге тартылған барлық қызметтердің мамандарын қорғау мақсатында: оларды жеке қорғану құралдарымен, қажетті азық-түлікпен және жеке гигиена жағдайларымен жабдықтауқамтамасыз етілсін.
1) анықталған науқастарды және COVID-19 науқастарымен жақын қатынаста болған адамдарды инфекциялық стационарларға дереу оқшаулау;
2) COVID-19 клиникалық белгілері бар адамдарды ерте анықтау және оқшаулау мақсатында ішкі карантиндік аймақтарды аулалық аралау;
3) ҚазМУА басшылығымен (Д. Павалькис) бірлесіп, жоғары курс, резидентура және интернатура студенттерін профилактикалық медициналық іс-шараларды өткізуге ерікті негізде (волонтерлерді) тарту;
4) ішкі карантинге ұшыраған жұмыс істейтін азаматтарға еңбекке жарамсыздық парақтарын беру (инфекция ошақтарында оқшаулау, үй карантин және өзін-өзі оқшаулау;
5) науқастарды және байланыста болған адамдардыемдеуге жатқызу туралы (фамилиясы, медициналық ұйым атауы көрсетілген) мәліметпен Департаментті2 сағат аралығында хабардар ету;
6) Стационарларға COVID-19оң белгілерімен жатқызылған ауруларға қызмет көрсететін медициналық қызметкерлер мен қызмет көрсетуші персоналды 14 күнде 1 рет жиілігімен медициналық тексерістен өткізуқамтамасыз етілсін.
1) COVID-19 науқастарымен бірінші (жақын) және екінші (жұмыс, оқу орны бойынша) байланыс дәрежесін анықтау:
-үй ошағы бойынша және жұмыс, оқу орны бойынша, ұшақ бойынша келу рейсін көрсете отырып жақын байланыс (БК) ;
- басқа ошақтар бойынша, келген орны бойынша (жұмыс, оқу, т. б.) және ұшақ бойынша келу рейсін көрсете отырып ықтимал байланыс (ДК) );
2) COVID-19 науқастарының ошақтарында эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыру;
3) блок-бекеттердегі мамандардың кезекшілігі.
1) инфекция ошақтарында және байланыста болған адамдар арасында дезинфекциялық іс-шаралар жүргізуді қамтамасыз ету;
2) COVID-19-ға адамдарды тестілеу нәтижелері туралы Департаментке дереу хабарласын.
1) Департаменттің рұқсатынсыз Нұр-Сұлтан қаласына/нан адамдардың келуіне/кетуіне жол бермеу;
2) азаматтардың көшеде жүрмеуін, ұялы байланыс құралдары бойынша бақылай отырып, үй карантин режимін сақтауын бақылау;
3) Департаменттің ұсынысы бойынша COVID-19 науқастарымен байланыста болған адамдарды іздеу;
4) Департаменттің ұсынысы бойынша провизорлық және карантиндік стационарларды оқшаулау және қорғау;
5) респираторлық инфекция (жоғарғы тыныс алу жолдарының аурулары) белгілері бар адамдар анықталған кездетәулік бойы 103 нөмеріне және Департаментке 57-30-83 телефоны бойынша дереу хабарлау;
Нұр-Сұлтан қаласының
Бас мемлекеттік санитарлық
дәрігері А. Шағалтаева