Халықтың жаппай жиналатын нысандарынде міндетті санитариялық-профилактикалық және эпидемияға қарсы іс- шараларды жүргізу туралы ҚАУЛЫ
16 наурыз 2020 жыл Нұр-Сұлтан қаласы
Мен, Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары А. Қ. Шағалтаева,Қазақстан Республикасының Президентінің2020 жылғы 15 наурыздағы №285«Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Жарлығы негізінде, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарының өмірін және денсаулығын қорғау, коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың таралуына жол бермеу мақсатында
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1.Адамдар көп жиналатын нысандар (сауда-ойын-сауық орталықтары, базарлар, кинотеатрлар, театрлар, көрме орталықтары, денсаулық сақтау нысандары, мектепке дейінгі балалар мекемелері мен білім беру нысандары, діни нысандар, коммуналдық шаруашылық (монша кешендері, сауналар, бассейндер, фитнес клубтар, аула клубтары, балалар ойын алаңдары және т. б.), тамақ өнеркәсібі нысандары, қоғамдық тамақтану нысандары, мектептен тыс қосымша білім беру нысандары, қоғамдық көлік нысандары, ХҚКО және т. б.) бар мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, кәсіпкерлік субъектілерінің, үкіметтік емес ұйымдардың басшыларына, төтенше жағдайдың кезеңінде Нұр-Сұлтан қаласының аумағында келесі іс-шаралар мен уақытша шектеулерді енгізсін:
-қоғамдық тәртіпті сақтауды, аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық, ерекше режимді, режимдік және ерекше қорғалатын объектілерді, сондай-ақ халықтың тыныс-тіршілігін және көліктің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін объектілерді күзетуді күшейту;
- коронавирустық инфекция бойынша қолайсыз елдерге ұйымдар мен кәсіпорындар қызметкерлерінің жұмыс сапарларына тыйым салынсын;
- ірі сауда нысандарының жұмыс істеуін шектеу;
-коронавирустық инфекцияның алдын алу шаралары бойынша жеке гигиенаны сақтауға (жуу және антисептикалық құралдарды пайдалану), үй карантинін сақтауға (өзін-өзі оқшаулау) және ауру белгілері пайда болған жағдайда медициналық көмекке уақтылы қарау қажеттілігіне баса назар аудара отырып, халық арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын күшейту;
- нысандарда санитарлық-дезинфекциялық режимді күшейту;
- коронавирустық инфекция бойынша қолайсыз елдерге ұйымдар мен кәсіпорындар қызметкерлерінің жұмыс сапарларынатыйым салынсын;
- нан-тоқаш және кондитерлік өнімдерді қапталған түрінде жіберу;
- халыққа өнімдерді, заттар мен дәрі-дәрмектерді онлайн сатып алуды және жеткізуді кеңейтуге ықпал ету.
1.1.Сауда-ойын-сауық орталықтарының, кинотеатрлардың, кинорумдардың, театрлардың, көрмелердің, көңіл көтеру орындарының (түнгі клубтар, кальян пайдалану орындары, караоке, компьютер клубтары, дәмханалар, барлар, мейрамханалар), фудкорттар (дайын өнімді жеткізуді ұйымдастырушыларды қоспағанда), спорттық-сауықтыру кешендерінің, оның ішінде фитнес орталықтарының,тренажерлық залдардың, бассейндердің, монша кешендерінің, сауналардың, балалар ойын алаңдарының, аула клубтарының, секциялардың, үйірмелердің, басқа да мектептен тыс білім беру нысандарының және адамдар көп жиналатын басқа да объектілердің қызметін тоқтата тұру;
1.2. Ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық және естелік іс-шараларды, көше саудасы менжәрмеңкелерді өткізуге тыйым салу.
2.Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің, Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының, Нұр-Сұлтан қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау аумақтық басқармаларының басшыларына:
- медициналық тексеруден және емделуден, карантиндік режимді сақтаудан бас тартқан адамдарды, эпидемиологиялық жағдайды анықтау үшін маңызы бар деректерді жасыратын адамдарға бақылау, сондай-ақ аталған тұлғалардың жауаптылығының шаралары күшейтілсін.
-денсаулық сақтау нысандарында, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, әлеуметтік оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған және басқа да интернаттық ұйымдарда, дағдарыс орталықтарында, хоспистерде шектеу іс-шараларын (келуге тыйым салу жөніндегі карантин) енгізу және күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді қамтамасыз ету;
-Құдайға құлшылық ету және діни ғұрыптар (мешіттер, шіркеулер, синагогалар, медреселер, храмдар және т. б.) нысандарына баруды шектеу.
-шектеу іс-шараларын (келуге тыйым салу бойынша карантин) енгізу және ІІО және ҚАЖК (тергеу изоляторлары, колониялар және т. б.) арнайы мекемелерінің нысандарынде күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді қамтамасыз ету.
-шектеу іс-шараларын (келуге тыйым салу бойынша карантин) енгізу және әскери бөлімдердің нысандарында күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді қамтамасыз ету.
-объектілерде, оның ішінде халық көп жиналатын объектілерде санитарлық-профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың орындалуын бақылауды қамтамасыз ету;
-жеке гигиенаны сақтауға (жуу және антисептикалық құралдарды пайдалану), үй карантинін сақтауға (өзін-өзі оқшаулау) және ауру белгілері пайда болған жағдайда медициналық көмекке уақтылы қарау қажеттілігіне баса назар аудара отырып, коронавирустық инфекцияның алдын алу шаралары бойынша халық арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын күшейту;
-аумақтық және жергілікті мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдансын.
Нұр-Сұлтан қаласының
Бас мемлекеттік санитарлық
дәрігерінің орынбасары А. Шағалтаева