Халықтың жаппай жиналатын объектілерінде міндетті санитариялық-профилактикалық және эпидемияға қарсы іс- шараларды жүргізу туралы ҚАУЛЫ

Халықтың жаппай жиналатын объектілерінде міндетті санитариялық-профилактикалық және эпидемияға қарсы іс- шараларды жүргізу туралы ҚАУЛЫ

  13 наурыз 2020 жыл                                                                                                                  Нұр-Сұлтан қаласы

 

Мен,  Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары А. Қ. Шағалтаева, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»  Қазақстан Республикасы Кодексінің 21-бабы 13-тармағының 4) тармақшасына  және 148-бабының 1-тармағына және «Қазақстан Республикасында пандемия кезеңіндекоронавирустық инфекцияныңәкелінуі мен таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 12 наурыздағы № 20-ПГВр қаулысына, Нұр-Сұлтан қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті туралы Ережесіне сәйкес, сондай-ақ коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың таралуынажол бермеу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, адамдар көп жиналатын объектілері бар үкіметтік емес ұйымдардың, кәсіпкерлік субъектілерінің басшыларына:

 - адамдар көп болатын және тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде (сауда-ойын-сауық орталықтары, базарлар,діни объектілер, коммуналдық шаруашылық,  тамақ өнеркәсібі, қоғамдық тамақтану, ХҚКО,қонақ үйлер,денсаулық сақтау (оның ішінде дәріханалар), білім беруұйымдарында және т.б.) санитариялық-дезинфекциялық режимді (беткейлерді күніне кемінде екі рет өңдеу,барлық үй- жайларды үнемі желдетіп отыру) күшейтуді;

- ғимараттардағы  ағынды-сорғылы желдеткіш жүйелеріне ревизия жүргізу және тазалауды;

- адамдарға қол жетімді жерлерде қолды өңдеу үшін антисептикалық құралдары бар санитайзерлер орнатуды;

-әрбір рейстен, қоғамдық көлік тоқтағаннан кейін қоғамдық көлікті жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып өңдеуді (күніне кемінде екі рет)қамтамасыз етілсін.

- жаднамалар, радиорубка, жүгіртпе жолдар және т. б. бойынша хабарландырулар тарату арқылы коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуқамтамасыз етілсін;

- мектепке дейінгі балалар мекемелерінде таңертеңгілік фильтрді күшейту, топ бөлмелерін кварцттеу қамтамасыз етілсін.

  1. Мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, кәсіпкерлік субъектілерінің, үкіметтік емес ұйымдардың басшыларына:

- адамдар көп жиналатын жерлерде көпшілік іс-шаралар (мерекелік, концерттік, мәдени, спорттық), конференциялар, семинарлар, көрмелер, экскурсиялар өткізуге тыйым салынсын;

-кинотеатрлер жәнесауда-ойын-сауық орталықтарындағы балалар ойын алаңдарының жабылуы қамтамасыз етілсін;

- коронавирустық инфекция бойынша қолайсыз елдерге ұйымдар мен кәсіпорындар қызметкерлерінің жұмыс сапарларынатыйым салынсын.

-халық арасында коронавирустық инфекцияның алдын алу шаралары бойынша санитарлық-ағарту жұмыстарын күшейтуді, үй карантинін сақтауды және ауру белгілері пайда болған жағдайда уақытылы медициналық көмекке жүгінуді қамтамасыз етсін.

3.Нұр-Сұлтан қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Департаментінің аумақтық басқармаларының басшыларына:

- халықтың жаппай жиналатын объектілерінде санитарлық-профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етсін.

  1. Нақты қаулы барлық мүдделі салалардың назарына жеткізілсін, халыққа БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етілсін.
  2. Шектеу іс- шаралары, оның ішінде карантин меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Нұр-Сұлтан қаласының

Бас мемлекеттік санитарлық

дәрігерінің орынбасары                                                                                          А. Шағалтаева

 

Дата публикации
23 апреля 2020