2021 жылы өткізілген жұмыс бойынша қысқаша есеп

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Нұр-сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің  Әдеп жөніндегі уәкілінің  2021 жылы атқарған жұмысы туралы

 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Нұр-сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілінің функциялары ҚР ДСМ СЭБ комитеті төрағасының м. а. 2021 жылғы 1 ақпаннан бастап №22 бұйрығымен департамент басшының орынбасары Г. Ж. Тағаеваға жүктелген.

Уәкілдің жұмысы мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтауына мониторинг жүргізумен және бақылаумен ғана шектелмейді. Бірінші кезекте мемлекеттік қызметшілер арасындағы жүктеме функционалдық міндеттердің нақты шеңбері, сауатты құрастырылған лауазымдық нұсқаулықтар, жалпыға бірдей құқықтық оқу жүйесінің жұмысы, еңбек және орындаушылық тәртіпті нақты бақылау және есепке алу арқылы сауатты бөлінуі тиіс, ең бастысы, кез-келген ұжымда салауатты моральдық-психологиялық ахуал қалыптастырылып, үнемі сақталуы керек.

Департаментте және аудандық Басқармаларда стендтерде әдеп кодексі және денсаулық сақтау министрлігінің, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің және Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілдерінің фотосуреттері мен телефон нөмірлері бар деректері орналастырылған. 

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Нұр-сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің Әдеп жөніндегі уәкілінің 2021 жылға арналған жұмыс жоспары жасалды және Департамент басшысының бұйрығымен бекітілді.

Департаменттің  «Фейсбук» парақшасында Әдеп жөніндегі уәкілдің жеке парақшасы ашылды, онда жүргізілген жұмыс туралы есептер мен ақпараттар орналастырылды.

Жыл бойы Департаменттің және оның аумақтық бөлімшелерінің 43 маманы мен жеке тұлғаларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі бойынша жеке консультациялық көмек көрсетілді.

2021 жыл ішінде Нұр-сұлтан қаласының санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің мамандарымен қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша өтініштер түскен жоқ.

Туындаған мүдделер қақтығысы не оның туындау мүмкіндігі туралы мемлекеттік қызметшілерден және басқа да мәлімет көздерінен жазбаша немесе ауызша түрде хабарламалар түскен жоқ.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша 21 түсіндіру жұмысы, оның ішінде 13 семинар сабағы, ANTIKOR LIVE  алаңында тікелей эфирде 1 сөз сөйлеу өткізілді, Фейсбук парақшасында 7 жарияланым жасалынды.

Семинар сабақтары келесі тақырыптарға өткізілді: «Мемлекеттік қызмет этикасы», «Мемлекеттік қызмет этикасын қалыптастырудың ерекшелігі», «Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этикасы. Мемлекеттік қызметшінің іскерлік келбетін қалыптастыру», «Мемлекеттік қызметшілердің заңдарда белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауы туралы», «Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары», «Сыбайлас жемқорлықтың профилактикасы».

Барлық жаңадан қабылданған мамандар этикалық Кодекспен таныстырылды.

Өзара іс-қимыл жөніндегі жұмыс жоспарына сәйкес Үкіметтік емес ұйымдармен «Бірінші Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Медиа орталық» қоғамдық бірлестігімен бірлескен семинар өткізілді. Өткізілген семинардың тақырыбы: «Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары мен мінез-құлық қағидаларын сақтау және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша негізгі талаптар туралы».

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті, құқықтық сауаттылық негіздерін, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілігін қалыптастыруға баса назар аударылды.

Әдеп жөніндегі уәкіл ANTIKOR LIVE алаңында «Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбына тікелей эфирде баяндама жасады.

Департаменттің интернет-ресурстарында, Әдеп жөніндегі уәкілдің жеке парақшасында «Ұжымда өзара қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру» және «Мемлекеттік қызметшілердің заңдарда белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауы туралы» тақырыптарында жарияланымдар орналастырылған, сондай-ақ өткізілген семинарлар туралы ақпарат, Әдеп кодексі орналастырылған.

БАҚ-тағы жарияланымдарға мониторинг жүргізу барысында Департамент және оның аумақтық бөлімшелерінің мамандарына қатысты оң немесе теріс материалдар анықталған жоқ.

Ағымдағы жылдың қаңтар айының басында департамент пен аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары қызметкерлерінің әлеуметтік желілердегі аккаунттарына мониторинг жүргізді. Мониторингпен қызметкерлердің барлық аккаунттарын қамтыды. Штатта барлығы 147 қызметкер бар, олардың әлеуметтік желілерде инстаграмда 95 аккаунты бар (оның ішінде 60 аккаунт жеке, яғни жабық) және Facebook-те 52 аккаунты бар.

Тексерілген аккаунттардың ішінде, атап айтқанда инстаграмның 35 бетінде және фейсбуктің 52 бетінде қоғамға қарсы мінез-құлық және қоғамдық адамгершілікті бұзу оқиғалары анықталған жоқ.

2021 жылы БАҚ-та, атап айтқанда «Астана шағымдары», «Не? Қайда? Қашан?» санэпидбақылау қызметкерлерінің қызметіне қатысты оң немесе теріс пікірлер тіркелген жоқ.

Этикалық кодекс шеңберінде мемлекеттік қызметшілер қоғамға негізді сын келтірмеуі тиіс деп көзделген. Осыған байланысты біз әлеуметтік желідегі қызметкерлердің мінез-құлқына бақылау жүргіземіз.

 

Әдеп жөніндегі уәкілдің 2022 жылға арналған міндеттері:

1.Азаматтар мен қызметшілердің өтініштерін қарау, Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы және Әдеп кодексін түсіндіру бойынша жүктелген функцияларды орындау үшін Әдеп жөніндегі уәкілдің жұмысын жандандыру;

  1. Қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесулер өткізу арқылы азаматтық қоғам институттарымен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
  2. Мемлекеттік қызметшілерді анонимді сауалнамамен барынша қамтуды қамтамасыз ету және оның нәтижелерін Департаментте және аумақтық бөлімшелерде моральдық-психологиялық ахуалды жақсарту үшін пайдалану;
  3. Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауы бойынша әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізеді.
  4. Әдеп жөніндегі уәкілдің 2022 жылға арналған бекітілген жұмыс жоспарының тармақтарын орындау.
Дата публикации
17 февраля 2022