«Нұр-Сұлтан қаласындағы шектеу және карантиндік шараларды қосымша күшейту туралы» Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 29 наурыздағы № 12 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қаулы №14

«Нұр-Сұлтан қаласындағы шектеу және карантиндік шараларды қосымша күшейту туралы» Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 29 наурыздағы № 12 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қаулы №14

 1 сәуір  2021 жыл                                                        Нұр-Сұлтан қаласы

 Мен, Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері С. Бейсенова, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 9, 36, 102, 104, 107-баптарына, Қазақстан Республикасы  Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ -293/2020 «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығына, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысына, Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің бірінші орынбасарындағы кеңестің 2021 жылғы 29 наурыздағы  № 17-5/05-2702 Хаттамасына сәйкес,  ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. «Нұр-Сұлтан қаласындағы шектеу және карантиндік шараларды қосымша күшейту туралы» Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 29 наурыздағы № 12 қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1)   5-тармақтың 5.29 тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

«жабық азық-түлік және азық түлік емес базарлардың жұмысын санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды күшейте отырып, бір келушіге 4 м2 есебінен толымдылығын сақтаумен, жұмыс кестесін азық-түлік базарлары үшін штаттық режимде, азық түлік емес базарлар үшін жұмыс  күндері сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін, демалыс күндері жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастыру»;

2) 5-тармақтың 5.30 тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

«ашық аспан астындағы азық-түлік және азық-түлік емес базарлар күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс кестесін азық-түлік базарлары үшін штаттық режимде, азық түлік емес базарлар үшін жұмыс  және сенбі күндері сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін, жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастыру».

  1. Нұр-Сұлтан қаласының ішкі саясат басқармасы:

2.1. қоғам мен мемлекеттің, адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қабылданатын шешімдердің маңыздылығы мен өмірлік қажеттілігін түсіндіру, қабылданатын шаралар туралы бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде ақпараттық сүйемелдеу жүргізуді қамтамасыз етсін;

2.2. осы Қаулыны барлық мүдделі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, кәсіпкерлік субъектілерінің және қала тұрғындарының назарына жеткізсін.

  1. Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аудандық басқармалары, Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті, Нұр-Сұлтан қаласының аудандық әкімдіктері осы Қаулының орындалуына күшейтілген бақылауды қамтамасыз етсін.
  2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

Нұр-Сұлтан қаласының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігері                                                         С.Бейсенова

Дата публикации
02 апреля 2021