«Нұр-сұлтан қаласында шектеу және карантиндік шараларды қатаңдату туралы» Нұр-сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 15 наурыздағы № 10 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қаулы № 11

«Нұр-сұлтан қаласында шектеу және карантиндік шараларды қатаңдату туралы» Нұр-сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің  2021 жылғы 15 наурыздағы № 10 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қаулы № 11

2021 жыл  16 наурыз                                                                                                Нұр-Сұлтан қаласы

 

Мен, Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері               С. С. Бейсенова, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 9, 36, 102, 104, 107-баптарына, Қазақстан Республикасы  Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ -293/2020 «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығына, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысына, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы «Шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» № 68 қаулысына, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 5 наурыздағы № 10 қаулысына сәйкес,  ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. «Нұр-Сұлтан қаласындағы шектеу және карантиндік шараларды қатаңдату туралы» Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 15 наурыздағы № 10 қаулысына мемлекеттік тілдегі редакциядағы келесі өзгерістер енгізілсін:
  • 2-тармақтың 2.6-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «InfoKazakhstan.kz. сайтына кәсіпкерлік субъектісімен объектінің паспортына келушілердің ғимараттарды жоспарлы толтыруы туралы мәліметтерді енгізу (осы қаулыда және № 67 ҚР БМСДҚ, 9 БМСДҚ қосымшаларында анықталған шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде объектілердің қызметіне қойылатын талаптарға сәйкес 1 адамға белгіленген аумақты ескере отырып анықталады және енгізіледі.).
  • 5-тармақтың 5.3-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «меншік нысанына және жұмыскерлердің штаттық санына қарамастан барлық ұйымдар, кәсіпорындар қызметкерлерінің кемінде 80% қашықтықтан жұмыс нысанына көшу;
  • 5-тармақтың 5.34-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«азық-түлік тауарларын сату объектілерінің (дүкендер, шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер), орналасқан жеріне қарамастан, жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, бір келушіге 4 м2 есебінен толымдылығын сақтаған жағдайда,  жұмыс кестесін жұмыс және демалыс күндері штаттық режимде белгілей отырып ұйымдастыру;          

  1. 2. Нұр-Сұлтан қаласының ішкі саясат басқармасы:

       2.1. қоғам мен мемлекеттің, адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қабылданатын шешімдердің маңыздылығы мен өмірлік қажеттілігін түсіндіру, қабылданатын шаралар туралы бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде ақпараттық сүйемелдеу жүргізуді қамтамасыз етсін;

        2.2. осы Қаулыны барлық мүдделі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, кәсіпкерлік субъектілерінің және қала тұрғындарының назарына жеткізсін.

  1. Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аудандық басқармалары, Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті, Нұр-Сұлтан қаласының аудандық әкімдіктері осы Қаулының орындалуына күшейтілген бақылауды қамтамасыз етсін.
  2. Осы Қаулы 2021 жылғы 18 наурыз сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.

Нұр-Сұлтан қаласының

Бас мемлекеттік

санитарлық дәрігері                                                         С.С. Бейсенова

 

Дата публикации
17 марта 2021