Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
- Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы» ШЖҚ МКК-нен келіп түскен 21.09.2026 ж. №1667, №721, №1613, №1676 шұғыл хабарламалары.
- Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Астана қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Астана қаласы Нұра ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ.
- Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): тартылған жоқ
- Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 21.09.2026 ж. - 12.10.2026 ж. аралығы
- Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: Астана қаласы, Нұра ауданы, Умбетей Жырау көшесі, 99 мекенжайында орналасқын «Шығыс» ЖК-нің (Уалиева Асем Толеугалийкызы) «Fresh market» дүкені.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: Тергеп-тексеру барысында объектіде санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың бұзылу фактілері анықталды, атап айтқанда, объектінің эпидемиялық маңыздылығы болмашы объект ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарлама талонының болмауы, сауда объектісі қызметкерлерінің медициналық қарап-тексеруден өтпеуі және жұмысқа жіберілуіне рұқсаттың болмауы; өнімнің қауіпсіздігін растайтын сәйкестікті бағалау (растау) туралы құжаттарсыз, белгіленген жарамдылық мерзімінсіз және сақтау шарттары көрсетілген таңбалаусыз, сондай-ақ тамақ өнімдерімен жанасуға арналған қаптамасыз өнімді өткізу фактілері анықталды. Сонымен қатар, шайындылардың микробиологиялық зерттеу нәтижелерінің белгіленген талаптарға сәйкес келмейтіні анықталды.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтары объектіде дезинфекциялық режимнің тиісті деңгейде ұйымдастырылмауымен және сақталмауымен, сондай-ақ жауапты тұлғалар тарапынан санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың орындалуына бақылаудың жеткіліксіз жүргізілуімен байланысты.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: «Шығыс» ЖК Уалиева Асем Толеугалийкызы.
- Қабылданған шаралар: Тергеп-тексеру нәтижелері бойынша кәсіпкерлік субъектісіне анықталған бұзушылықтар үшін 2026 жылғы 22 қыркүйектегі № 23 шеттету туралы, 2026 жылғы 22 қыркүйектегі № 25 қызметіне тыйым салу туралы және 2026 жылғы 22 қыркүйектегі № 16 дайын өнімді алып қою туралы жедел ден қою шаралары қабылданды,Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 425-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды, сондай-ақ орындалуы тиіс іс-шаралар көрсетілген ұсыным берілді.