Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
- Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы» ШЖҚ МКК-нен келіп түскен 10.09.2026 ж. №1953, 11.09.2026 ж. №1961, 09.09.2026 ж. №1725 шұғыл хабарламалары.
- Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Астана қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Астана қаласы Нұра ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ.
- Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): тартылған жоқ
- Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 11.09.2026 ж. - 06.10.2026 ж. аралығы
- Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: Астана қаласы, Нұра ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 53/4 мекенжайында орналасқан Назарбаев Университеті жанындағы «GERIM» ЖШС асханасы.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: Тергеп-тексеру барысында нысанда санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың бұзушылықтары анықталды, атап айтқанда желдету жүйелерінің, жабдықтар мен өндірістік беттердің санитариялық жағдайының қанағаттанарлықсыз болуы, жабдықтар мен ыдыстарды тазалау, жуу және дезинфекциялау талаптарының сақталмауы, тамақтандыруды ұйымдастыруға қатысты бұзушылықтар, сондай-ақ сынамалар мен дайын тамақ өнімдерін микробиологиялық зерттеу нәтижелерінің сәйкессіздіктері. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтары объектіде дезинфекциялық режимнің тиісінше ұйымдастырылмауына және сақталмауына, сондай-ақ жауапты тұлғалар тарапынан санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың орындалуына бақылаудың жеткіліксіз жүргізілуіне байланысты.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: «GERIM» ЖШС.
- Қабылданған шаралар: Тергеп-тексеру барысында кәсіпкерлік субъектісіне қатысты тергеп-тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар үшін «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 425-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды, іс-шаралар көрсетіле отырып ұсыным берілді.