Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
- Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: № 12 бақылау сатып алу қорытындылары бойынша өнімді зерттеу нәтижесі бойынша тіркеу туралы хабарлама.
- Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Астана қаласы Байқоңыр ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ.
- Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім) тартылған жоқ.
- Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 22.09.2026 ж - 25.09.2026 ж
- Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Сусамыр көшесі, 29Б, мекенжайы бойынша орналасқан «Юлия» дүкені, «Уажанова И.Е.» ЖК
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: Тергеп-тексеру барысында бақылау субъектісі зертханалық зерттеулер нәтижелері бойынша сәйкессіздіктер белгіленген өнімнің қауіпсіздігін, шығу тегін және қадағалануын растайтын құжаттарды толық көлемде ұсынбады.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: «Уажанова И.Е.» ЖК
- Қабылданған шаралар: Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына және (немесе) Бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарына сәйкес келмейтін (сәйкес келмейтін) өнімді (тауарды) алып қою және өткізуден кері қайтарып алу туралы жедел ден қою шараларын қолдану туралы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы қабылданды.