Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

    Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

  1. Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: «Инфильтративный туберкулез правого легкого в фазе распада и обсеменения, МБТ(+), лекарственно-устойчивый, НС» жағдайының тіркелуіне байланысты 2026 жылғы 19 тамыздағы «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Астана қаласының облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Астана қаласының Сарайшық ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ-нен келіп түскен кіріс № 922 хаты негізінде.
  2. Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Астана қаласы Сарыарқа ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ.
  3. Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): Естияр Жанна Айдарғалиевна – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің аса қауіпті инфекциялар мен туберкулездің эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы.
  4. Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 21.08.2026 ж. - 17.09.2026 ж. аралығы

5.Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: Астана қаласы әкімдігінің «№3 қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Даңғылы Республика, ғимарат 56.

  1. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: Тергеп-тексеру барысында пациенттердің жағдайын бағалау және қажетті тексерулер жүргізу кезінде бұзушылықтар анықталды.
  2. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: Астана қаласы әкімдігінің «№3 қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
  3. Қабылданған шаралар: Тергеп-тексеру барысында кәсіпкерлік субъектісіне қатысты тергеп-тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар үшін «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 425-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды, іс-шаралар көрсетіле отырып, тиісті ұсынымдар берілді.

 

Дата публикации
22 сентября 2026