Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
- Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: Астана қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің тапсырмасы бойынша Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің 2026 жылдың 14 тамызындағы ақпараты негізінде, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 29 тамыздағы № 69 бұйрығымен бекітілген халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тергеп-тексеру жүргізу қағидаларының 1-Қосымшасының 3-тармағы (2-тармақшасы): осы өнімнің атауы, қолданылу мақсаты, құрамы, сақтау және қолдану шарттары бөлігінде мемлекеттік және орыс тілдерінде өнімді таңбалаудың болмауы;
- Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: Астана қаласының Сарайшық ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы.
- Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): _____ тартылмады;
- Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 2026 ж. 08.09. – 2026 ж. 14.09.
- Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: «CUPERTINO» ЖК-нің қоймасы.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: бұзушылықтар анықталған жоқ;
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: бұзушылықтар анықталған жоқ;
- Қабылданған шаралар: Өнімнің (тауардың) қауіпсіздігін растайтын нормалау құжаттарының талаптарына сәйкес келуін бағалау (растау) жөніндегі құжаттар (сәйкестік декларациясы), сондай-ақ тамақ өніміне қатысты өнімнің қадағалануын қамтамасыз ететін құжаттар ұсынылды. Тергеу барысында аумақта орналасқан сәйкессіз өнімнің жеткізушісі анықталды.