Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

           Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

  1. Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің» 144-4 бабы 3 тармағының 6 тармақшасына сәйкес бақылау сатып алу қорытындысы бойынша өнімді зерттеу нәтижелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалы жүргізген санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелеріне сәйкес, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 29 тамыздағы № 69 бұйрығымен бекітілген халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тергеп-тексеру жүргізу қағидаларының 1 қосымшасының 3 тармағы 1 тармақшасына сәйкес, Полимерлі және басқа материалдардың, олардан жасалған бұйымдардың, химиялық заттар мен композициялар үлгілеріне жүргізілген зертханалық зерттеулер нәтижесінде жеке қорғаныс құралдарының тауарының қауіпсіздігіне қойылатын техникалық регламенттердің, атап айтқанда КО ТР 019/2011 «Жеке қорғаныс құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті талаптарының сақталмау фактісі анықталуына байланысты тергеп-тексеру жүргізуге негіздер белгіленді.
  2. Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: «Астана қаласының Сарыарқа ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ.
  3. Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім):
    Тартылған жоқ.
  4. Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 25.08.2026 ж. – 07.09.2026 ж.
  5. Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: ЖШС «СКТ Трейд» жұмыс киімі мен жеке қорғаныс құралдарын сататын дүкен, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Бөгенбай Батыр даңғылы, 6Б.
  6. Тергеп-тексеру барысында анықталған бұзушылықтар:
    Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының бұзушылықтары анықталған жоқ.
  7. Бұзушылықтарға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар:
    Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарын бұзған тұлғалар анықталған жоқ.
  8. Қабылданған шаралар: Өнімнің (тауардың) қауіпсіздігін растайтын нормативтік құқықтық актілер талаптарына сәйкестігін бағалау (растау) жөніндегі құжаттар (сәйкестік декларациясы) ұсынылды.
Дата публикации
14 сентября 2026