СЕМИНАР-САБАҚ
2026 жылғы 21 тамызда Астана қаласы Сарыарқа ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мамандарына арналған «Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың алдын алу» тақырыбында семинар-сабақ өткізілді.
Семинар барысында Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі Тагаева Г.Ж. баяндама жасап, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптары мен кәсіби әдеп нормаларын сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Қатысушылардың назары Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын сақтауға, қызметтік міндеттерін орындау кезінде адалдық, әділдік, әдептілік және бейтараптық қағидаттарын ұстануға аударылды.
Қатысушыларға мүдделер қақтығысының туындауына алып келуі мүмкін жағдайларды уақтылы анықтаудың, сондай-ақ оның алдын алу немесе реттеу бойынша тиісті шаралар қабылдаудың қажеттілігі түсіндірілді.
Департаменттің Ішкі қауіпсіздік бөлімінің бас маманы Заманбеков З.С. сыбайлас жемқорлықтың алдын алу әрбір мемлекеттік қызметшіден принципті ұстанымды, өзінің жеке жауапкершілігін сезінуді және сыбайлас жемқорлық салдарына әкелуі мүмкін кез келген әрекетке жол бермеуді талап ететінін атап өтті.
Семинардың қорытынды бөлімінде құқықтық және әдептік тәуекелдерге байланысты типтік жағдайлар талқыланды. Қатысушылар практикалық мәселелер бойынша пікір алмасып, қажетті түсіндірмелер мен ұсынымдар алды.
Іс-шара соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, пікірталасқа қатысу мүмкіндігіне ие болды.