Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
- Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: Бақылау мақсатында сатып алу қорытындысы бойынша тамақ өнімдерінің үлгілерін зерттеу нәтижелері (ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Астана қаласы бойынша филиалымен берілген №2260001028225723 27.07.2026 ж. (г.) зертханалық зерттеу хаттамасы).
- Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: Астана қаласы Есіл ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы.
- Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): тартылмаған.
- Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 17.08.2026-19.08.2026 ж. аралығы.
- Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар:"Жанәлиева" ЖК , "Best Mart" дүкені.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты:бұзушылықтар анықталмады.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: бұзушылықтар анықталмады.
- Қабылданған шаралар: бұзушылықтар анықталмады.