Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы

 

Халықтың санитариялық-

эпидемиологиялық саламаттығы

 саласындағы тергеп-тексеру жүргізу

қағидаларына

7-қосымша

Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

  1. Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: 2026 жылғы 16 шілдесінде Астана қаласы әкімдігінің «№8 қалалық емхана» ШЖҚ МКК-нен Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Акжол көшесі мекенжайында орналасқан «Jfood Kazakhstan» ЖШС-де автобус жүргізушісінде туберкулез жағдайы тіркелуі негізінде № 41 шұғыл хабарлама.
  2. Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Астана   қаласы  Байқоңыр ауданының санитариялық-эпидемиологиялық  бақылау басқармасы» РММ.
  3. Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): тартылған жоқ
  4. Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 20.07.2026 ж. - 31.07.2026 ж. аралығы
  5. Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Акжол көшесі мекенжайында орналасқан  «Jfood Kazakhstan» ЖШС
  1.   Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: Тергеп-тексеру барысында санитариялық ережелер бұзушылықтары анықталмады.
  2. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: жоқ
  3. Қабылданған шаралар: Тергеп-тексеру барысында санитариялық ережелер бұзушылықтары анықталмады. Санитариялық-алдын алу және эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу туралы қаулы берілді.

 

 

Дата публикации
06 августа 2026