Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы

Халықтың санитарлық-

эпидемиологиялық

саламаттығы саласындағы

тергеп-тексеру жүргізу

қағидаларына

7-қосымша

Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

  1. Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің» 144-4 бабы 3 тармағының 6 тармақшасына сәйкес бақылау сатып алу қорытындысы бойынша өнімді зерттеу нәтижелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалы жүргізген санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелеріне сәйкес, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 29 тамыздағы № 69 бұйрығымен бекітілген халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тергеп-тексеру жүргізу қағидаларының 1 қосымшасының 3 тармағы 1 тармақшасына сәйкес, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын техникалық регламенттер ТР ТС 021/2011 «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» талаптарына сәйкес келмеу фактілері, атап айтқанда «Черкизово» маркалы «Сервелат Зернистый» (шошқа еті қосылмаған) пісірілген-қақталған шұжығы (өндіруші: «ЧМПЭ» АҚ, Ресей Федерациясы, Мәскеу қ., Пермская көш., вл. 5) үлгілеріне жүргізілген молекулярлық-генетикалық зерттеулер (полимеразалық тізбекті реакция – ПТР әдісі) нәтижесінде шошқа ДНҚ-сының анықталуына байланысты тергеп-тексеру жүргізуге негіздер анықталды.
  2. Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: «Астана қаласының Сарыарқа ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ.
  3. Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім):
    Тартылған жоқ.
  4. Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 31.03.2026 ж. – 21.04.2026 ж.
  5. Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: ЖК «Козыбагаров» «Мерей» супермаркеті, Астана қаласы, Әліби Жангелдин көшесі, 18 үй.
  6. Тергеп-тексеру барысында анықталған бұзушылықтар:
    Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының бұзушылықтары анықталған жоқ.
  7. Бұзушылықтарға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар:
    Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарын бұзған тұлғалар анықталған жоқ.
  8. Қабылданған шаралар: Өнімнің (тауардың) қауіпсіздігін растайтын нормативтік құқықтық актілер талаптарына сәйкестігін бағалау (растау) жөніндегі құжаттар (сәйкестік декларациясы), сондай-ақ тамақ өнімдерінің қадағалануын қамтамасыз ететін құжаттар ұсынылды. Тергеп-тексеру барысында талаптарға сәйкес келмейтін өнімнің жеткізушісі анықталды.
Дата публикации
28 июля 2026