Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Астана қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының 2026 жылғы 08 мамырдағы №190-НҚ «2026 жылдың II жартыжылдығына арналған ерекше бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) тізбесін бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің

Астана қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының 2026 жылғы 08 мамырдағы №190-НҚ «2026 жылдың II жартыжылдығына арналған ерекше бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) тізбесін бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 

         Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Астана қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті (бұдан әрі – Департамент) басшысының 2026 жылғы 08 мамырдағы №190-НҚ «2026 жылдың II жартыжылдығына арналған ерекше бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) тізбесін бекіту туралы» бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

       көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Астана қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің 2026 жылдың II жартыжылдығына арналған ерекше бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) жартыжылдық тізімін бекіту туралы»;

      көрсетілген бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

     «1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Астана қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің 2026 жылдың II жартыжылдығына арналған ерекше бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) жартыжылдық тізімі бекітілсін.»;

         көрсетілген бұйрықтың 1-қосымшасында:

         қосымшаның деректемесі мынадай редакцияда жазылсын:

         «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Астана қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының 2026 жылғы 08 мамырдағы №190-НҚ бұйрығына 1-қосымша».

  1. Департаменттің Ұйымдастыру жұмысы және қызметті талдау бөлімі:

         1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Астана қаласы бойынша департаментіне жолдауды;

         2) осы бұйрықты Департаменттің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Департамент басшысының жетекшілік ететін орынбасарларына жүктелсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің

Астана қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау департаментінің басшысы                                                          А.Қ. Шағалтаева

Дата публикации
22 июля 2026