Ауыз су сапасының санитариялық-эпидемиологиялық мониторингі - бұл халықтың денсаулығын су арқылы таралатын инфекциялардан және уланулардан қорғау үшін сумен жабдықтаудың қауіпсіздігін үздіксіз бақылаудың, зертханалық тексерудің және талдаудың мемлекеттік жүйесі.
Мониторингтің мақсаттары мен міндеттері:
Мониторингтің негізгі объектілері:
Зертханалық бақылау келесі көрсеткіштер бойынша зерттеулер жүргізу үшін жүзеге асырылады:
Мониторингтің, соның ішінде су қауіпсіздігін бағалаудың негізгі міндеттерінің бірі — ауыз судың гигиеналық нормативтер мен қауіпсіздік стандарттарына сәйкестік деңгейін анықтау; қауіп-қатерлердің алдын алу (судың ластануы мен адамдар денсаулығының нашарлауы арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды анықтау және жою); жағдайды болжау (маусымдылық пен техногендік жүктемеге байланысті су көздеріндегі су сапасының өзгеруін бақылау).
Мониторинг аясында 2026 жылдың 6 айында орталықтандырылған сумен жабдықтау нүктелерінен (су таратқыштан, суды тарату желісіне берер алдында және тарату желісінен) гигиеналық нормативтер мен санитариялық қағидаларға сәйкестігін тексеру үшін санитариялық-химиялық және микробиологиялық көрсеткіштер бойынша 278 сынамадан алынды.
Зертханалық зерттеулердің нәтижелері бойынша ауыз судың нормативтік құқықтық актілерге (НҚА) сәйкес келмеуі микробиологиялық көрсеткіштер бойынша 1,08%-ды (3 сынама), санитариялық-химиялық көрсеткіштер бойынша 0,36%-ды (1 сынама) құрады. Ластанған нүктелерде пайдаланушы ұйым — «Астана су арнасы» су құбыры желісінің учаскелерін жуып-шаю және дезинфекциялау жұмыстарын жүргізді, қайта жүргізілген талдаулар талаптарға сәйкес келді.
Гигиеналық нормативтерге сәйкес, микробиологиялық көрсеткіштер бойынша су сапасының сәйкес келмеуіне бір жыл ішінде зерттелетін сынамалар саны 100-ден кем болмаған жағдайда, 12 ай бойы сыртқы және ішкі су құбыры желілерінің су тарататын нүктелерінен алынатын су сынамаларының тек 5%-ында ғана жол беріледі.
«Сапалы су — ұзақ әрі белсенді өмірдің кепілі!».