Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

  1. Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: «Астана қаласы әкімдігінің "Қалалық көпсалалы фтизиопульмонология және ішкі аурулар орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнынан 2026 жылғы 21 мамырдағы келіп түскен №36 шұғыл хабарлама негізінде Байқоңыр ауданы, Жұбанов көшесі, 7 мекенжайында орналасқан «Esil University» студентінде туберкулездің диагнозын тіркеу фактісі.
  2. Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Астана   қаласы  Байқоңыр ауданының санитариялық-эпидемиологиялық  бақылау басқармасы» РММ.
  3. Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): тартылған жоқ
  4. Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 25.05.2026 ж. - 23.06.2026 ж. аралығы
  5. Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар:Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Жұбанов көшесі, 7 мекен-жайында орналасқан  «ESIL UNIVERSITY»  мекемесі
  1.   Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: Тергеп-тексеру барысында санитариялық ережелер бұзушылықтары анықталмады.
  2. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: жоқ
  3. Қабылданған шаралар: Тергеп-тексеру барысында санитариялық ережелер бұзушылықтары анықталмады. Санитариялық-алдын алу және эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу туралы қаулы берілді.
Дата публикации
29 июня 2026