Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

      Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

  1. Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: Бақылау мақсатында сатып алу қорытындысы бойынша тамақ өнімдерінің үлгілерін зерттеу нәтижелері (ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Астана қаласы бойынша филиалымен берілген 2026 жылғы 05 мамырдағы №2260001067466786, №2260001067464715, №2260001067466741, №2260001067466664, №2260001067466697, №2260001067466637, №2260001067466816, №2260001067466767, №2260001067466884 Полимерлік және басқа материалдардың, олардан жасалған бұйымдардың, химиялық заттар мен композициялардың үлгілерін зерттеу хаттамалары).
  2. Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Комитеті Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Астана қаласы Нұра ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ.
  3. Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): тартылған жоқ.
  4. Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 2026 жылғы 21 мамырдан 19 маусым аралығында.
  5. Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: «Ami kids» жеке кәсіпкері.
  6. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік-құқықтық актілер талаптарының бұзушылықтары анықталған жоқ.
  7. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: жоқ.
  8. Қабылданған шаралар: жоқ.

 

Дата публикации
22 июня 2026