Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

  1. Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: Астана қаласы әкімдігінің «№8 қалалық емхана» ШЖҚ МКК-нен түскен 2026 жылғы 6 мамырдағы №34 шұғыл хабарлама бойынша Байқоңыр ауданы, Пушкин көшесі, 59/3 мекен-жайында орналасқан «Альянс МТС» ЖШС-де «туберкулез» жағдайы тіркелгені туралы ақпараты негізінде.
  2. Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Астана   қаласы  Байқоңыр ауданының санитариялық-эпидемиологиялық  бақылау басқармасы» РММ.
  3. Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): жоқ
  4. Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 12.05.2026 ж. - 03.06.2026 ж. аралығы
  5. Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Пушкин көшесі, 59/3 мекен-жайында орналасқан  «Альянс МТС» ЖШС.
  1.   Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: Тергеп-тексеру барысында санитариялық ережелер бұзушылықтары анықталмады.
  2. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: жоқ
  3. Қабылданған шаралар: Тергеп-тексеру барысында санитариялық ережелер бұзушылықтары анықталмады. Санитариялық-алдын алу және эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу туралы қаулы берілді.
Дата публикации
10 июня 2026