Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
- Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: Астана қаласы әкімдігінің ««№3 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК-нен 2026 жылғы 14 мамырда келіп түскен «Қызылша» жағдайының тіркелуі туралы № 405 шұғыл хабарламаға сәйкес.
- Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Комитеті Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Астана қаласы Нұра ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ.
- Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): тартылған жоқ.
- Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 18.05.2026 ж.-04.06.2026 ж. аралығы.
- Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: «University Medical Center» корпоративтік қоры («Жүрек орталығы»), мекенжайы: Астана қаласы, Нұра ауданы, Тұран даңғылы, 38.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік-құқықтық актілер талаптарының бұзушылықтары анықталған жоқ.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: жоқ.
- Қабылданған шаралар: Тергеп-тексеру барысында санитариялық-індетке қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жүргізу туралы қаулы қабылданды.