Информация о результатах проведения расследования

      Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

  1.  Тергеп-тексеру жүргізудің негізі инфекциялық және паразиттік ауру, улану туралы шұғыл хабарламалар: Астана қаласы әкімдігінің фтизиопульмонология және ішкі аурулар бойынша қалалық көпсалалы орталығында балада туберкулездің расталған жағдайы тіркелгені туралы Астана қаласы Нұра ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен 2026 жылғы 10 сәуірдегі № 24-21-27-03-02/783--И шығыс хаты негізінде.

     2.Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: Астана қаласы Сарыарқа ауданының санитариялық- эпидемиологиялық бақылау басқарамасы РММ

       3.Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім)тартылған: жоқ.

         4.Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 13.04.2026 жылдан бастап 05.05.2026 жылға дейін

         5.Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: Астана қаласы әкімдігінің «№ 35 «Ертегі» бөбекжай-балабақшасы» балабақшасы, мекенжайы: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Жангелдин көшесі, 28.

         6.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: тергеп-тексеру барысында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарының нормативтік-құқықтық бұзушылықтар анықталмады.

         7.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе)  заңды тұлғалар: жоқ

  1.  Қабылданған шаралар: жоқ

 

 

 

Дата публикации
05 июня 2026