Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
1.Тергеп-тексеру жүргізудің негізі инфекциялық және паразиттік ауру, улану туралы шұғыл хабарламалар: 2026 жылғы 23.04.2026 ж. №36 шұғыл хабарламаға сәйкес, Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№5 Қалалық емхана» МКК-нен түскен туберкулездің расталған жағдайы тіркелген.
2.Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: Астана қаласы Сарыарқа ауданының санитариялық- эпидемиологиялық бақылау басқарамасы РММ
3.Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім)тартылған: жоқ.
4.Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 27.04.2026 жылдан бастап 25.05.2026 жылға дейін
5.Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№5 Қалалық емхана» МКК, мекенжайы: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Ақан Сері көшесі, 20-ғимарат.
6.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: тергеп-тексеру барысында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарының нормативтік-құқықтық бұзушылықтар анықталмады.
7.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: жоқ