Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

                   Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

  1. Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: Астана қаласы Есіл ауданы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының 2026 жылғы 27.04.2026 ж. № 21-24-20-4-12/424—И шығыс хатымен (кіріс № 673, 28.04.2026 ж.) «Вирустық гепатит» жағдайының тіркелуі туралы № 90 24.04.2026 ж. шұғыл хабарламаға сәйкес, Астана қаласы әкімдігінің «№3 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК-нан келіп түскен мәлімет бойынша.
  2. Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Астана қаласы Нұра ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ.
  3. Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): тартылған жоқ.
  4. Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 30.04.2026 ж.-28.05.2026 ж. аралығы.
  5. Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: «MTEX MANAGEMENT» ЖШС-нің көпфункционалды мұз сарайы «Барыс Арена», мекенжайы: Астана қаласы, Нұра ауданы, Тұран даңғылы, 57.
  6. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: тергеп-тексеру барысында дезинфекциялық құралдардың зертханалық зерттеу нәтижелерінің сәйкессіздігі анықталды.
  7. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: «MTEX MANAGEMENT» ЖШС.
  8. Қабылданған шаралар: тергеп-тексеру нәтижелері бойынша кәсіпкерлік субъектісіне қатысты анықталған бұзушылықтар үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының кодексінің 425-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды, сондай-ақ іс-шараларды көрсете отырып ұсыным берілді.
Дата публикации
05 июня 2026