Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен оның аумақтық басқармаларының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылаудың
ХАТТАМАСЫ
Астана қ. 2025 жылғы 28 мамыр сағат 15.00
Төрағалық еткен: Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары М.Қ. Арыспаев.
Қатысқандар:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобының (бұдан әрі - СЖТІТ) мүшелері.
Күн тәртібі:
Астана қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің және оның аумақтық басқармаларының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық
тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін талқылау
1.Негізгі мәселелер:
1) Жұмыс тобы мүшелерінің анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы баяндамалары:
- Департаменттің және оның аумақтық бөлімшелерінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
- бақылау-қадағалау қызметін жүзеге асыру кезінде;
- анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқамалардың орындалуын бақылау кезінде;
- жедел ден қою шараларын қолдану кезінде;
- мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде, оның ішінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің мерзімдері мен тәртібін бұзу, заңсыз санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар беру, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсетуден заңсыз бас тарту және жасырын мемлекеттік қызметтерді анықтау;
- жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде, оның ішінде мерзімдерді бұзу фактілерін анықтау, әкімшілік рәсімдерді сақтау және т.б.;
- персоналды басқару мәселелері бойынша;
- Департаменттің ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер бойынша (бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу, тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу).
2) Талдамалық анықтаманың жобасын ұсыну және талқылау.
3) Ресми ресурстарда жария талқылау туралы мәліметтерді орналастыру туралы ақпарат. Ескертулер түскен жоқ.
СЖТІТ нәтижелері туралы анықтамаларды толықтырып, түпкілікті талдау анықтамасын және іс-шаралар жоспарын дайындау үшін Департаменттің ішкі қауіпсіздік бөліміне ұсынсын.
Төраға Арыспаев М.Қ.
Хатшы Заманбеков З.С.