Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

 Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

  1. Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: Астана қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің тапсырмасы бойынша Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің 2026 жылдың 27 наурызындағы ақпараты негізінде, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 29 тамыздағы № 69 бұйрығымен бекітілген халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тергеп-тексеру жүргізу қағидаларының 1-Қосымшасының 3-тармағы (3-тармақшасы): халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормалау құжаттарында көзделген қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша зертханалық зерттеу нәтижелеріне сәйкес келмейтін өнімдерді (тауарларды) анықтау;
  2. Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: «Астана қаласының Сарайшық ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ.
  3. Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): _____ тартылмады;
  4. Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 2026ж. 24.04. – 2026 ж. 15.05.
  5. Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: «Orda Trade Astana» ЖШС қоймасы.
  6. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: бұзушылықтар анықталған жоқ;
  7. 7. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: бұзушылықтар анықталған жоқ;
  8. Қабылданған шаралар:

Тергеу кезінде «Апамның шайы» шайының үш үлгісі алынған.

1) Өндірілген күні: 2025 жылғы 5 желтоқсан, партия нөмірі: 2025 жылғы 5 желтоқсан.

2) Өндірілген күні: 2025 жылғы 7 қараша, партия нөмірі: 2025 жылғы 7 қараша.

3) Өндірілген күні: 2025 жылдың 24 қарашасы, партия нөмірі: 2025 жылдың 24 қарашасы.

Зертханалық тексеру нәтижелері бойынша бояғыштар анықталған жоқ (2026 жылдың 12.05. хаттамалары  №2260001217517693, №2260001217517719, №2260001217517640).

Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін растайтын құжаттар ұсынылды. Аталған құжаттар Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті бағалау жөніндегі берілген немесе қабылданған құжаттардың бірыңғай тізілімінде (сәйкестік декларациялары, сәйкестік сертификаттары) тіркелген.

 

 

Дата публикации
21 мая 2026