АНОНС! Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің нәтижелерін жария талқылаудың басталуы туралы.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 2026 жылға арналған №4 - «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу» үлгілік базалық бағытты іске асыру жобаларының картасына сәйкес 2026 жылғы 28 мамырда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің нәтижелерін жария талқылауды өткізуді жоспарлап отыр.
Осыған байланысты, барлық мүдделі тұлғалардан осы іс-шараға 2026 жылғы 28 мамыр күні сағат 15:00-де Астана қаласы, Абай даңғылы, 47 мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің немесе «Qosyl» платформасы арқылы өтетін іс-шараға қатысуға шақырамыз.
Іс-шараға қатысуға ниет білдірушілер сондай-ақ «Qosyl» платформасына қосылу сілтемесін алу үшін 8 (705) 281-78-83, 8 (701) 728-83-48 телефондары арқылы хабарласа алады.