Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Астана қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің 2026 жылдың 2-жартыжылдығына арналған ерекше тәртіппен бақылау мен қадағалау жүргізілетін субъектілердің (объектілердің) бекітілген жартыжылдық тізімі (мемлекеттік бақылау жүзеге асырылатын мемлекеттік органның және қызмет саласының атауы)

«2026 жылға арналған ерекше бақылау жане қадағалау

субъектілерінің (объектілерінің) II жартыжылдыққа арналған тізімін бекіту туралы»

  «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»  Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI Кодексінің 51-1, 51-2 баптарына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 қазандағы № 644 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ережеге сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің және оның аудандық басқармалары бойынша 2026 жылдың II жартыжылдығына арналған ерекше бақылау мен қадағалауға жататын субъектілердің (объектілердің) тізілімі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  2. Осы бұйрық 2026 жылдың 08 мамырына дейінгі мерзімде ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Астана қаласы бойынша департаментіне жіберілсін және Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің интернет ресурсында бекітілген тізім орналастырылсын.
  3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасарлары Ж.Пралиеваға және М. Арыспаевқа жүктелсін.
  4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

     Басшы                                                                        А.Шағалтаева

 

Дата публикации
08 мая 2026